Шара барысында «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасының үйлестірушісі бірінші кезеңге шолу жасап, мұғалімдер, ата-аналар, инженерлер, автопарк қызметкерлері, полиция, жергілікті үкіметтік емес ұйымдар мен бұқара ақпарат құралдары өкілдерімен өткізілетін бірқатар тренгингтерді қамтитын екінші кезеңінің таныстырылымын өткізді. Осы кезең аясында жергілікті азаматтық қоғам ұйымдары арасында жол қауіпсіздігі науқанын жүзеге асыру бойынша шағын гранттар бағдарламасы және т.б. шаралар ұйымдастырылады. Сонымен бірге, Ақсай қаласы үшін екінші «Жол қауіпсіздігі бойынша жылжымалы ойын алаңын» салу мен сыйлыққа тарту жоспарлануда. Оған қоса, жол-көлік оқиғаларын картаға түсіру және жолдар мен қиылыстар қауіпсіздігіне аудит жұмыстары жалғасады.

Жыл басынан жол қауіпсіздігін қолдау жобасына «Еркін ерік елшілері», яғни, аймақ пен еліміздің танымал тұлғалары қосылды. Жақын арада Орал қаласында олардың қатысуымен жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау маңыздылығы туралы үндеулер көрсетілген баннерлер орнатылады.

Өзінің кіріспе сөзінде БҚО әкімінің орынбасары Шәкімов мырза облыстық басшылық тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне үлкен назар аударылатынын атап өтті. «Жоба серіктестері өткізіп жатқан жол қауіпсіздігін жақсарту бойынша іс-шаралардың облыста апаттар санын азайтып, азаматтарымыздың өмірлері мен денсаулықтарын сақтап қалуға мүмкіндік беретіндеріне үмітіміз зор. Облыс әкімдігі жол қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған халықаралық серіктестеріміздің бастамаларын толықтай қолдайды», - деді Шәкімов мырза. Ол «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасының демеушілері мен серіктестеріне жобаның бірінші кезеңінде жүзеге асырылған жұмыстар үшін өз алғысын білдірді.

Айта кетейік, БҚО жол қауіпсіздігі аймақтық стратегиясын дайындап, оны «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы серіктестері мен демеушілері көмегімен жүзеге асыра бастаған елдегі жалғыз облыс болып табылады.

«Шелл Қазақстан» компаниясының үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бойынша директоры Зарина Бакенова «Жол қауіпсіздігі бойынша жоба «Шелл» үшін 2025 жылға қарай БҚО жолдарындағы өлім деңгейін 25%-ға азайту секілді ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттары бар ұзақ мерзімді жоба болып табылады. Бұл барлық мүдделі тараптардың күш-жігерлері мен ынтымақтастығын одан әрі күшеюін талап ететін батыл мақсат екені барлығымызға мәлім.» деп өз сөзінде атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың наурыз айында «Шелл Қазақстан» компаниясы аймақта жол қауіпсіздігі бойынша ахуалды тереңірек зерттеудегі жұмысты ілгерілеу және оны жақсарту бойынша бірқатар бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мақсатымен БҚО әкімдігі, «Эни» компаниясы және EASST Тұрақты және қауіпсіз көлік үшін шығыс альянсымен Меморандумға қол қойған еді.