«Student Energy Challenge» байқауын (бұдан әрі - Байқау) 2017 жылдан бастап 18 мың АҚШ доллары көлемінде жалпы сыйлықақы қорымен, «Шелл Қазақстан» компаниясының қаржылай қолдауымен «KAZENERGY» қауымдастығы өткізіп келеді.

2020 жылы іріктеу турына Қазақстанның 14 оқу орнынан 45 команда қатысты. Байқау шарттары бойынша келесі кезеңге өту үшін тіркелген командаларға жоба мен команда туралы қысқаша видеорезюме жіберу қажет болды.

Биылғы жыл қатысушылар үшін де, сол сияқты ұйымдастырушылар үшін де ерекше жыл. Жаһандық жағдайға байланысты ұйымдастырушылар Байқау шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар, еліміздің барлық оқу орындарындағы қашықтан оқыту режимі, жобаларды қорғау кезіндегі оқу процесіне барынша аз қатысу (ағымдағы жылдың күзінде) және ең бастысы, қауіпсіздік шараларын сақтау және Байқауға қатысушылардың денсаулығын қорғау ескерілді.

Іріктеу турының қорытындысы мен ұйымдастырушылардың шешімі бойынша Байқаудың келесі кезеңіне Қазақстанның 9 жоғары оқу орнынан 21 команда қатысады. Келесі кезең шеңберінде аталған командалар 2020 жылдың 1-3 шілдесінде «Shell NXplorers» сыни ойлау дағдыларын дамыту бойынша онлайн тренингтен өтеді. Көшбасшылық қасиеттерді, презентациялық дағдыларды, сондай-ақ сыни және кешенді ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған бұл бағдарлама жобаларды қорғауға командаларды дайындау мақсатында міндетті кезеңдердің бірі болып табылады.

Келесі кезеңге өткен командалардың тізімі:

1. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті, «24 Element» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;

2. Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, «9th Department» командасы. Жоба тақырыбы: «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету (жол қауіпсіздігі, жеке қауіпсіздік және өнеркәсіптік өауіпсіздік) және т. б.»;

3. Ғ.Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, «АнтиВар» командасы. Жоба тақырыбы: «Электр энергиясын беру кезінде шығындарды азайту»;

4. С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, «Химик-Технолог» командасы. Жоба тақырыбы: «Мұнай мен газды терең өңдеу»;

5. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, «EMG team» командасы. Жоба тақырыбы: «Мехатрон жүйелері мен роботтарға арналған икемді электромагнитті-трос жетегі»;

6. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «NEW WAVE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;

7. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «FEOGI» командасы. Жоба тақырыбы «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;

8. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «FARMer» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;

9. Қазақстан-Британ техникалық университеті, «DANKE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;

10. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Katrina» командасы. Жоба тақырыбы: «Қолданыстағы қуаттардың операциялық тиімділігін арттыру (отынға жұмсалатын шығындарды төмендету және т. б.)»;

11. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «ECOSENSE» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;

12. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Kókjiek» командасы. Жоба тақырыбы: «Электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну кезінде Smart (Smart Grid және т. б.) технологияларды пайдалану және қолдану: Q Station»;

13. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «КПД100» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»;

14. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті, «Evil Geniuses» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»;

15. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «RedOx» командасы. Жоба тақырыбы: «Натрий-ионды батареялар өндірісі»;

16. Назарбаев университеті, «Hurricane» командасы. Жоба тақырыбы: «Қабаттың мұнай беруін ұлғайту»;

17. Назарбаев университеті, «Кислородные» командасы. Жоба тақырыбы: «Қалалық/ауылдық (муниципалдық) және өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату»;

18. Назарбаев университеті, «Naizagai» командасы. Жоба тақырыбы: «Мұнай және газ өңдеудің технологиялық процестерін жетілдіру»;

19. Назарбаев университеті, «Refillme» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;

20. Назарбаев университеті, «Kimberlite» командасы. Жоба тақырыбы: «Қоршаған ортаның сапасын жақсарту»;

21. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «InFlux» командасы. Жоба тақырыбы: «Энергия тиімділігін арттыру»

Командаларға табыс тілейміз!

Байқау туралы толық ақпарат мына сілтемеде: https://www.kazenergy.com/ru/operation/educational-program/156/1099/