Баршаға мәлім болғандай, ұйымдастырушылар 2017 жылдан бері ҚР жоғары оқу орындары студенттері арасында өткізіліп келе жатқан көпшілікке белгілі «Student Energy Challenge» байқауының 5-жылдық мерейтойын тойлау шеңберінде колледж оқушылары үшін қосымша компонент ретінде «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауын 2021 жылдың басында өткізе бастады.

Байқау тақырыптары энергетика, мұнай және газ, тау-кен өнеркәсібі, әрі қоршаған ортаны қорғау мен экология салаларын қамтитын идеяларды дамытуға бағытталған еді.

Жобаларды қорғау нәтижесінде 2021-2022 оқу жылы кезінде әр команда мүшесіне төленетін айлық шәкіртақы қоры белгіленген «Student Energy Challenge-JUNIOR» бірінші маусымының келесі жеңімпаздары анықталды:

  • 1-ші орын – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік колледжінің «Zhansugurov college» командасы, сыйлық шәкіртақы қоры 40 мың теңге;
  • 2-ші орын – Тасымалдау және коммуникациялар жоғары колледжі МКК-нің «Spark» командасы, сыйлық шәкіртақы қоры 35 мың теңге;
  • 3 место – Павлодар химия-механика колледжінің «Ecochem project» командасы, сыйлық шәкіртақы қоры 30 мың теңге.

Командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!