Аталмыш байқаудың нәтижесінде инновациялар саласындағы ерекше жетістіктерге қол жеткізген компаниялар анықталып, марапатталады. Биыл тұрақты дамудың үш компоненті бойынша марапаттардың үш категориясы қарастырылған:

  • Энергетикалық ауысу: таза энергия көздері саласындағы серпінді инновацияларды ұсынған компаниялар үшін.
  • Қоршаған орта мен циркулярлық экономика: қоршаған ортаға оң ықпал ету мақсатында келешекте әлемге циркулярлық экономикаға өтуге көмектесетін компаниялар үшін.
  • Жергілікті деңгейдегі әл-ауқат: қоғамдық прогреске үлес қосып, әрі оң әлеуметтік өзгерістер әкеле отырып, қоғамдастықтарда экономикалық өсуді қамтамасыз ететін компаниялар үшін.

Оған қоса коронавирустың әлеуметтік-экономикалық салдарымен күрестегі ерекше жетістіктер үшін бөлек марапат берілетін болады.

Жалпы байқауға әлемнің 15 елінен 136 өтініш түсті. Жартылай финалда Қазақстан атынан келесі жобалар қатысты:

  • Kunde Social Café – менталдық ерекшеліктері бар адамдарға білім беру мен жұмысқа тұру мүмкіндіктерін ұсынады.
  • RefillMe – пластикалық қалдықтарды азайту мақсатында бос шөлмектерді тұрмыстық сұйықтармен толтырады.

Байқаудың келесі кезеңі – нәтижесінде «Ең үздік он новатор» анықталатын қыркүйек айының 7 мен 16 аралығында өтетін қоғамдық дауыс беру. Ең үздік ондық рейтингісі 2020 жылдың қараша айында «жаһандық кәсіпкерлік аптасы» барысында хабарланатын болады.

Қаржылай жүлдеге қоса барлық он финалист Шелл концерні сарапшылары тарапынан менторлық қолдауға, әрі Шеллдың жаһандық желісінің арқасында нарықтық байланыстардың артықшылықтарын қолдану және Шеллдың мердігері ретінде қарастырылу мүмкіндігіне ие болады.

Отандастарымызды қолдау үшін https://www.livewire.shell/top-ten-innovators.html сілтемесі арқылы өтіңіз!

Қатысушыларға сәттілік тілейміз!