жас кәсіпкерге қолдау көрсетіп келе жатқан «Shell LiveWIRE» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы қолдауымен жүзеге асырылып келеді. 2018 жылдан бері Shell LiveWIRE Қазақстан Республикасы аумағында толыққанды жүзеге асырылып, жас кәсіпкерлерге өздерінің бизнестерін бастауға көмектесу арқылы ел мен аймақтардың экономикалық дамуын ынталындыруда.

Мақсаты стартаптарды ерте кезеңде бизнес инкубациялау және инновациялық әрі технологиялық бизнес идеялары мен жобалары бар жас кәсіпкерлерге қолдау көрсету болып табылатын «ABC Incubation X TCA» бағдарламасына осы маусымда Қазақстанның түрлі аумақтарынан және шетелден 200 өтінім келіп түсті. Өтінім тапсырған стартаптар білім беру, электрондық коммерция, ақпараттық технологиялар, денсаулық қорғау, аграрлық, химиялық және басқа да өнеркәсіптер үшін технология салаларын қамтиды. Ұйымдастырушылар екінші кезеңге өткен және өздерінің бизнес шешімдерін 2020 жылдың 4-5 тамызында elevator pitch сипатында әділ қазылар алқасына көрсеткен ең тартымды 90 жобаны іріктеп алды. Нәтижесінде келесі кезеңге ең үздік 50 жоба өтті. Олардың өкілдері 8-9 тамыз күні сынамалы ойлану дағдыларын дамыту бойынша «Shell NXplorers» екі күндік онлайн тренингіне қатысты. Аталмыш тренинг көшбасшылық қасиеттерді, презентациялық дағдыларды және стартаптарды сәтті жүзеге асыру үшін қажетті сынамалы және кешенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Дүние жүзінде орын алған пандемияға қатысты жағдайға байланысты бағдарлама онлайн режимінде өтеді. Кешенді қолдау арқасында қатысушылар идеяларын 12 апта ішінде өмірге қабілетті өнімге айналдыруға мүмкіндікке ие. Бағдарлама аясында командалар бизнес бойынша білім беру вебинарларына қатысып, бизнес идеяларының қаншалықты сұранысқа ие екендіктерін тексеруге және бизнес модельдерін анықтауға мүмкіндік алып, алғашқы клиенттер мен инвесторлар үшін ұсыныстар дайындайды. Ал ең үздік 3 стартап демеушіден, яғни, «Шелл Қазақстан» компаниясынан сәкесінше 1 миллион, 800 мың және 500 мың теңге көлемінде сыйақы алады. Сонымен бірге, бағдарлама кезінде ең үздік нәтижелерді көрсеткен стартаптарға әрі қарай даму үшін 2 миллион теңгеге дейін көлемде pre-seed қаржыландыру ұсынылады.