Shell Kazakhstan 30th anniversary logo

«шелл» концерні туралы деректер

Шелл Қазақстанда

«Шелл» концернінің Каспий өңіріндегі қызметі компания бірінші болып Бакуден Оңтүстік-Шығыс Азияға керосин жеткізе бастаған 130 жылдай бұрын басталды. 90-шы жылдардың басында компания елдің көмірсутек ресурстарын бағалауға атсалысып, Қазақстандағы өз қатысуын белгілеген алғашқы шетелдік инвесторлардың қатарында болды және мұнай-газ секторының дамуында жетекші рөл атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін 18 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға инвестиция салған «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2023 жылы компания Қазақстан Республикасындағы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Шелл» концерні Қазақстандағыүш жобаға қатысады:

  • Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %);
  • Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %);
  • Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).

Шелл әлемде

«Шелл» компаниясының негізі 1907ж. қаланған, алайда біздің тарихымыз XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады.

Концерннің Бас директоры Ваель Саван.

Біздің мақсатымыз

«Шелл» концернінің мақсаты мол әрі таза энергия шешімдерімен прогресс жолында бірге еңбек ету. Біздің ойымызша, артып жатқан әлем халқының өмір сүру стандарттарының жоғарылауы әлі көп жыл бойы энергияға деген, оның ішінде мұнай және газға дегер сұранысты тек арттыра түседі. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі мәселесін шешу қажеттігі төмен көміртекті энергия жүйесіне жаһандық ауысу болып жатқанын білдіреді.

Біздің адамдар

Адамдарымыз «Шелл» стратегиясын сәтті іске асыруда және іскерлік жоғары көрсеткіштерімізді ұзақ мерзім бойы сақтауда шешуші рөл ойнайды. Дамып жатқан энергетика саласында бәсекеге қабілетті болу бүкіл «Шелл» концерні бойынша білікті әрі қабілетті адамдардың қауіпсіз түрде жұмыла жұмыс істеуін талап етеді.

Біздіңше, қауіпсіздік пен жұмыс табыстылығын инклюзивті көшбасшылар алуан түрлі командалар жүзеге асырады.

«Шелл» компаниясындағы алуан түрлілік пен инклюзия

«Шелл» компаниясындағы вакансиялар

Осы бөлімде

Біздің жұмысымыз

Шелл – әлемдегі мол әрі таза энергияға деген сұранысты экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрғыда жауапты жолдармен қамтамасыз етуді көздейтін энергетика және мұнай-химия компанияларының жаһандық тобы.

Біздің құндылықтар

Барлық жұмыстарымыздың негізіндегі басты құндылықтар – адалдық, арлылық және адамдарға деген құрмет.

Біздің жобалар

Қазақстанда «Шелл» компаниясы бірнеше бизнес секторда, соның ішінде мұнай-газ ресурстарын барлау және өндіру, көмірсутек шикізаттарын тасымалдау және мұнай өнімдерін сату бағыттарында жұмыс істейді.