Shell LiveWIRE бағдарламасы Орал қ., Батыс Қазақстан облысы және Астана қаласындағы жаңадан бастаған кәсіпкерлердің бизнес және инновациялық идеяларын қолдауға және дамытуға бағытталған.

Бағдарламаның мақсаты – кәсіпкерлік бойынша халықаралық озық тәжірибені енгізу, сонымен қатар, кәсіпкерлердің басқарушылық білімін және дағдыларын дамытуда қолдау көрсету, жергілікті халықтың өзін-өзі жұмыспен қамтуына көмек беру, жергілікті бизнестің бәсекеге қабілеттілігін және әлеуетін арттыру. Осы бағдарламаның аясында 100-ден астам кәсіпкерлер жыл сайын білім алуда және оларға түрлі бағыттар бойынша кеңестер берілуде.

Shell LiveWIRE бағдарламасы кәсіпкерлерге келесі қолдау құралдарын ұсынады:

  • Кәсіпорынның нақты бизнес мәселелерін шешуге бағытталған консалтингтік жобаларды ортақ қаржыландыру – диагностика, консультациялық жобаны сүйемелдеу, консультациялық жоба сомасының 50% мөлшерінде грант (10 000 евро дейін) бөлу.
  • Басқарушылық білімін және тәжірибесін арттыру – бизнес жүргізудің әр түрлі аспектілері бойынша тренингтер, мастер-кластар, форумдар, жетекші кеңесшілердің оқыту сессиялары.
  • Shell LiveWIRE ғаламдық бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алу –үздік инновациялық жобалардың Shell LiveWIRE Top Ten Innovators ғаламдық байқауына қатысуы, ақшалай жүлде алу, әлемдік тәжірибесі бар тәлімгердің жобаларда көмек көрсетуі және Ғаламдық кәсіпкерлік аптасына қатысу .

Сонымен қатар, жоба жаңадан бастаушыларға арналған инкубациялық, акселерациялық бағдарламаларды дамытуды, кеңесшілер мен жаттықтырушылардың біліктілігін арттыру арқылы кеңес беру және тренинг өткізу қызметтерін қамтиды.

«Шелл Қазақстан» ерікті әлеуметтік инвестиция қоржынына кіретін Shell LiveWIRE бағдарламасы жергілікті ШОБ субъектілерін нығайту, ноу-хау-ға қолжетімділікті арттыру, инновацияның жылжытылуы, кеңес беру қызметтерінің нарығын жақсарту және іскерлік қарым-қатынасты нығайту арқылы Қазақстанның экономиксының дамуына ықпал етеді.

Жобаның Қазақстандағы серігі - Еуропа қайта құру жəне даму банкі (ЕҚҚДБ).

Қазақстандағы бағдарлама жетекшісі – Жұлдыз Ғалиақпар, Әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесші, Шелл Қазақстан.

More in energy & innovation

Будущее энергетики

Мы используем наши технологии и технические решения для удовлетворения спроса на энергию со стороны растущего населения планеты, делая при этом все, чтобы уменьшить воздействие на окружающую среду.

Природный газ

Мы вносим вклад в обеспечение поставок природного газа — единственного ископаемого топлива, которое полностью сгорает при использовании.