Шынымен де, идеяңыздың немесе технологияңыздың тезірек дамуы үшін осы ғана жеткілікті. Инновациялар гендерімізде қалыптасқан. Инновациялар бұрыннан бізге таныс заттарды кемелдендіру үшін қажет. Клиенттерімізді, олардың бизнесін және жеке өмірлерін энергиямен қамтамасыз ету үшін дұрыс шешімдерді іздеу – осының бәрі инновация болып табылады. Алайда, біз әлемнің энергетикалық мәселелерін дербес түрде шеше алмайтынымызды білеміз.

Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық жауапкершілік қағидаларын бұлжытпай сақтай отырып энергия тасымалдаушыларға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін біз инновациялардың бар әлеуетін қолдануымыз қажет: бізге бұрынғыдан да тиімдірек әрі жаңаша жұмыс істеуге мүмкіндік беретін әлеует қажет.

Біздің инновациялық бағдарламаларымыз және олардың қайсылары сіздің сұранысыңызды қанағаттандыра алатыны туралы көбірек біліңіз!

Бірегей шешімдердің бағдарламасы (GameChanger)

«Шелл» GameChanger бағдарламасын жүзеге асыруды 1996 жылы бастады. Бағдарлама аясында инновациялық идеялардың авторлары қаржылай және техникалық демеумен және идеяларының техникалық және коммерциялық әлеуетін көрсету үшін қажетті лабораториялық және өзге қуаттылықтармен қамтамасыз етіледі. GameChanger бағдарламасы белгілі бір идея концепциясының қалай жұмыс істейтінін тез арада және айтарлықтай қаржы жұмсамай көрсетуге мүмкіндік береді.

GameChanger бағдарламасы аясында бүкіл әлемнен 1700-ден астам новатор зерттеуші жұмыс істеді. Бағдарламаның арқасында олар жүзден астам идеяларды жүзеге асыра алды. Мысал ретінде табиғи газды өндіруге, оны сұйытылған қалыпқа келтіруге және ашық теңізде тұтынушыларға тиеп беруге мүмкіндік беретін сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша жүзетін алып кешен жобасын дайындаудың бастапқы кезеңдеріндегі қолдауды көрсетуге болады. Бүгін біз осы керемет идеяның қалай жүзеге асырылып келе жатқанның куәсі болып отырмыз.

GameChanger бағдарламасы туралы көбірек біліңіз!

Инженеры программы «Шелл – ТехВоркс» работают в мастерской

«Шелл» (TechWorks) технопарктер бағдарламасы

Shell TechWorks бағдарламасы — бүгінгі таңдағы әлемнің ең күрделі мәселелерінің бірі - қоршаған ортаға барынша төмен ықпал ететін экономикалық жағынан қолжетімді энергия тасымалдағыштарға өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру тәсілдерін іздеу мәселесін шешу мақсатында энергетика және басқа да салалардан кәсіпкерлерді және технологиялық стартаптарды біріктіруді көздейтін инновациялардың ашық бағдарламасы.

Shell TechWorks бағдарламасы 2013 жылы АҚШ-та бастау алды. Shell TechWorks Boston алғашқы технопаркі маңайында 80 университет орналасқан жетекші технологиялық ұйымдардың шоғырланған ортасы – АҚШ-тың Массачуссетс штатындағы Кембридж қаласында ашылған еді.

Shell TechWorks бағдарламасы туралы көбірек біліңіз!

Жаңа технологияларға «Шелл» венчурлық инвестициялар қоры

Жаңа технологияларға «Шелл» венчурлық инвестициялар қоры біз үшін негізгі емес және қызметіміздің профильдік бағыттарын толықтыратын жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу бойынша энергетика саласы компанияларына қаржы құяды.

«Шеллдың» венчурлық инвестициялар қорының негізі 1998 жылы қаланды. Қор инновациялардың коммерциялизациялануы үрдісінде инвестор әрі серіктес ретінде роль атқарады. Инвестицияларымызды алушылар «Шеллда» бар техникалық және ғылыми тәжірибе мен білімнен, әрі өз инновацияларын тексеруге берілген мүмкіндіктерден пайда көреді.

STV бағдарламасы аясында инвестиция алатын компаниялар туралы көбірек біліңіз!

Шағын бизнестің инновациялары

Шағын бизнес компаниялары жаңа идеялар ұсынып, энергия тасымалдағыштарды өндіру мен жеткізу технологияларын жасауды тездетуге мүмкіндік бере алатын білімге ие. Әлемнің барлық аймақтарында барынша тиімді және инновациялық технологияларды іздестіру мақсатында шағын бизнес компанияларының зерттеу бағдарламаларымен тығыз ынтымақтастық құрудамыз. Біз сондай компанияларды «Шелл» концернімен әзірленген Shell Small Business Innovation Initiative («Шағын бизнес инновациялары») бағдарламасына қатысуға шақырамыз.

Біз өз жобаларының ғылыми, техникалық және коммерциялық өміршеңдігін дәлелдеген жаңашыл идеялардың авторларымен жұмыс істейміз. Өз тарапымыздан біз техникалық ресурстарды, өнімдерді тексеру мүмкіндіктерін, коммерциялық мәселелер бойынша кеңес беру және клиент ретінде «Шелл» концернін тарту мүмкіндігін ұсынамыз.

Біздің инновациялық бастама жөнінде көбірек біліңіз!

Инновациялық ынтымақтастық

Біз энергия тасымалдағыштарға деген әлемнің өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру жолдарын іздеуде мемлекеттік органдармен, әлемге әйгілі компаниялармен және салалық институттармен бірлесе жұмыс істейміз. Ынтымақтастығымыздың аясы кең — жанармайдың жаңа және кемелденген түрлерін дайындаудан ақпараттық технологиялар саласында деректерді өңдеу үрдістерін кемелдендіруге дейін.

Инновациялар саласындағы біздің ынтымақтастығымыз туралы көбірек біліңіз!

сондай-ақ, қараңыз

Энергетиканың болашағы

Біз біздің технологиялар мен техникалық шешімдер сұранысты қанағаттандыру үшін энергияны тарапынан өсіп келе жатқан әлем халқының ете отырып, бұл ретте барлық азайту үшін қоршаған ортаға әсері.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КҮРДЕЛІЛІКТЕРДІ ЖЕҢУ

Сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі тарапынан өсіп келе жатқан халықтың, біз әзірлеп жатқан жаңа тәсілдері барлау және рентабельді және қауіпсіз энергия көздерін өндіру

Табиғи газ

Біз біздің ноу-хау, технологиялар және инновациялар көлемін ұлғайту үшін энерготасымалдаушы жеткізілімдерінің артатын және преуспевающему халыққа және қамтамасыз ету олардың басым экологиялық.