offshore platform in Caspian see

Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы Келісім (СКӨБК) шеңберіндегі мердігерлік учаскесі аумағы 5600 км. және ол әлемдегі ең ірі мұнай кен орындарының бірі, Қашаған алып кен орнын,сонымен бірге Қаламқас,оңтүстік-шығыс Қашаған, Ақтоты және Қайран кен орындарын қамтиды.

 "Қашаған кен орны " –  компанияның негізгі активы және әлемдегі ең күрделі жобалардың бірі болып табылады. Жобаның авторы - НКОК Н.В.  Жоба акционерлері: "Шелл" (қатысу үлесі - 16.81%), "Эни" (қатысу үлесі - 16.81%), "ЭксонМобил" (қатысу үлесі - 16.81%), "Қазмұнайгаз – Қашаған"  (қатысу үлесі - 16.87%), "Тоталь" (қатысу үлесі - 16.81%), "CNPC" (қатысу үлесі 8.33%) және "Inpex" (үлесі - 8.33%).

Қашаған кен орны Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан және аумағы  75х45 км. Резервуар Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі теңіз деңгейінен шамамен 4200 метр төмен орналасқан.

Жобаны іске қосу 2016 ж. қазан айында ҚР Энергетика Министрімен жарияланды. Қазіргі уақытта өндіру көлемін қауіпсіз арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда. «Қашаған» жобасына қатысты «Шелл»-дің бірінші кезектегі міндеті - ол қауіпсіз операциялық қызметте НКОК Н.В. барынша қолдау көрсету.

сондай-ақ, қараңыз

КАСПИЙ ҚҰБЫР КОНСОРЦИУМЫ

Толығырақ біліңіздер жобасы туралы Каспий Құбырлық Консорциумы