2020 жылы байқаудың тақырыбы «Өзің өмір сүргің келетін әлемді жаса!» болды. Аталмыш тақырып үш категориядан тұрды: энергетикалық ауысым, қоршаған орта мен циркулярлық экономика және жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқаты.

«Kunde Social Café» жобасы әлемнің 15 еліндегі 136 бәсекелестерінен басып озып, «Жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқаты» категориясында 2-ші орынды иеленді.

Әр категория жеңімпаздарына 20 мың АҚШ доллары, ал жүлдегерлерге 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы берілді. Сонымен бірге, COVID-19 індетінің әлеуметтік-экономикалық салдарымен күреске ерекше үлес қосқан компанияға қосымша 10 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы табысталды. Он жеңімпаздың барлығына Шелл сарапшылары тарапынан консультативтік қолдау алуға, әрі концерннің нарықтық байланыстарына қосылуға және Шеллдың қамтушылары немесе клиенті болуға мүмкіндік берілді.

«Kunde Social Café» командасын осы жетістікпен шын жүректен құттықтап, қазақстандық кәсіпкерді жаһандық «Он үздік новатор» байқауының жеңімпаздары қатарында көруге қуаныштымыз.