Херман Бурмайстер
Херман Бурмайстер

Херман Бурмайстердің Шелл компаниясында өткізген соңғы 20 жылды қоса есептегенде, жалпы мұнай және газ саласында 30-жылдық тәжірибесі бар. Ол мұнайшы инженер және іскерлік басқару магистрі (МВА) дәрежелеріне ие.

Херман Бурмайстер өзінің Шеллдағы мансабын 2001 жылы бастады. Сол кезден бастап ол Оңтүстік Америка, Еуропа және Африка елдерінде коммерциялық, басқару, стратегия және бизнесті дамыту секілді бөлімшелерде әр түрлі қызметтерді атқарып жүрді. 2014 жылдан бастап Бразилияда тұрады. 2016 жылғы Шелл мен Би Джи компанияларының бірлесуінен кейін Бурмайстер мырза елдегі терең судағы жобаларды жүзеге асыру бойынша бөлімшені басқарып келеді. Үйленген, үш баланың әкесі.

Оливье Лазар
Оливье Лазар

«Шелл Қазақстан» компаниясы Оливье Лазарға Шеллдың Қазақстандағы концернінің басшысы ретінде атқарған ерен еңбегі үшін алғысын білдіріп, оған және Бурмайстер мырзаға жаңа қызметтерінде сәттілік тілейді.

«Шелл плс» – мұнай мен табиғи газды барлау мен өндіру, қайта өңдеу мен маркетингін жасау, сондай-ақ мұнай-химия өнімдерін өндіру мен сату саласындағы мамандандырылған халықаралық энергетикалық концерн. Штаб-пәтері Лондон қаласында (Ұлыбритания Патшалығы) орналасқан. «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең алғашқы ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. «Шелл» концерні Қазақстандағы келесі жобаларға қатысады: Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %); Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %); Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).

БАҚ-пен байланыс бойынша жауапты тұлға:
Айнаш Шеңгелбаева, Шелл Қазақстан компаниясының сыртқы байланыс пен ішкі ақпарат бойынша кеңесші
Ainash.Chengelbayeva@shell.com
+7 777 7726646