Jump menu

Main content |  back to top

Қазақстанда «Шелл» компаниясы бірнеше бизнес секторда, соның ішінде мұнай-газ ресурстарын барлау және өндіру, көмірсутек шикізаттарын тасымалдау және мұнай өнімдерін сату бағыттарында жұмыс істейді. «Шелл» концернінің Қазақстандағы кеңселері Астана, Ақтау және Атырау қалаларында орналасқан.

Қазіргі уақытта «Шелл» концерні тұтастай Қазақстан үшін, сондай-ақ өзінде іске асырылып отырған өңірлер үшін маңызы зор үш жобаға қатысады. Бұл Солтүстік Каспий бойынша Өнім Бөлісу туралы Келісім (қатысу үлесі - 16.81%), Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы «Меруерттер» лицензиялық телімін әзірлеу жөніндегі ӨБК (қатысу үлесі - 55%) және Каспий Құбырлық Консорциумы (қатысу үлесі - 5.4%).

Солтүстік Каспий бойынша Өнім Бөлісу туралы Келісім (СКӨБК)

Солтүстік Каспий бойынша Өнім Бөлісу туралы Келісім (СКӨБК)
Солтүстік Каспий бойынша Өнім Бөлісу туралы Келісім (СКӨБК)

«Меруерттер» Өнім Бөлісу туралы Келісім

«Меруерттер» Өнім Бөлісу туралы Келісім

Каспий Құбыр Консорциумы

Каспий Құбыр Консорциумы

«Шелл» – Нидерландының Гаага қаласында орналасқан энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіруші халықаралық концерн. Бен Ван Берден «Шелл» концернінің атқарушы директоры болып табылады. Royal Dutch Shell plc концерннің Англияда және Уэльсте тіркелген бас компаниясы болып табылады.

Концерннің стратегиясы акционерлердің мүдделерін, сондай-ақ жауапты тәсілдемені қолдана отырып, қоғамның энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында мұнай-газ саласында «Шеллдің» озық позицияларын нығайтуға бағытталған.

Көмірсутектерді өндіру саласында «Шелл» компаниясы концерннің капиталдануын арттыратын меншікті технологиялар мен «ноу-хауларды» қолдана отырып, мұнай мен газдың жаңа қорларын барлаумен, сондай-ақ ірі жобаларды әзірлеумен айналысады.

Өнімді өңдеу мен өткізу саласында «Шелл» концерні қолдағы активтердің өзінен пайда алу, сондай-ақ келешегінен үміт күттіретін дамушы нарықтарға инвестиция жұмсау саясатын ұстануды жалғастыруда.

Біздің стратегиямыз бен негізгі жобаларымызбен концерннің орталық сайтынан (ағылшын тіліндегі) толығырақ танысыңыз.

Концерннің негізгі құндылықтары – адалдық, ашықтық және адамдарға деген құрметтік көзқарас «Шелл» концерні қызметінің Жалпы принциптерінің негізі болып табылады.

Әлемдегі «Шелл» - сандар:

  • Әлемнің 70-нен астам елінде жұмыс істейді
  • Қызметкерлерінің жалпы саны ~ 93,000 адам
  • 22,6 миллион тонна СТГ (сұйылтылған табиғи газ) сатады
  • Тәулігіне 3,0 млн баррель мұнай және газ өндіреді
  • 23-дан астам мұнай айыру және химиялық зауыттары бар    

Біздің бизнес

Мұнай мен газ өндіру саласында «Шелл» мұнай мен табиғи газды іздеу мен өндіру ісімен айналысады.

Өнімді өңдеу мен өткізу саласында «Шелл» көмірсутектер мен мұнай өнімдерін өңдеу, оларға маркетинг жүргізу, саудаға салу және тасымалдау жұмыстарын, сондай-ақ өнеркәсіптік тұтынушыларға арнап химиялық өндірісті жүзеге асырады.

«Жобалар мен технологиялар» бөлімшесі «Шелл» концернінің ірі жобаларды жүзеге асыру, техникалық қызмет көрсету және технологиялық мүмкіндіктерді дамыту жөніндегі бүкіл қызметін қамтиды.

2015 ж. қаржылай көрсеткіштер:

Айналымы: 265,0 млрд доллар

Таза кірісі: 2,2 млрд. доллар

Капиталдық инвестициялары: 28,9 млрд. доллар

ҒЗ инвестициялары: 1,1 млрд. доллар

Біздік Кодекстер

Біздер бүкіл елде ұстанатын тиімділік пен этиканың жоғары стандарттарын белгілейміз.

«Шелл» концернінің бизнес жүргізудегі жалпы қағидаттары, қалып кодексі мен іскерлік этика кодексі барлық қызметкерлерге адамдарға қатысты әділдік, бүтіндік пен құрметке қатысты біздің қағидаттарымызға сәйкес шешім қабылдау мен әрекет етуге және барлық заңнамалық, нормативтік талаптарды орындауға көмек береді.

Біздің қызметкерлер

Бізде 70-нен астам ел мен өңірлерде шамамен 93 000 адам жұмыс істейді. Біздің адамдар – біздің стратегиямызды іске асыруға арналған басты күшіміз және біздер оларды жұмысты жоспарлау мен басқару кезінде қатыстырып отырамыз. Біздерде жұмыс үшін жағдай жасалған, айырмашылықты бағалаймыз және кемшіліктер туралы хабарлау мүмкіндігін береміз.