Құпиялылық туралы хабарлама - «Шелл» (Shell Group) компаниялар тобына кадрларды іріктеу

Бұл хабарламада бізге қандай дербес деректердің қандай мақсатқа қажет екені және осыған байланысты туындайтын сіздің құқықтарыңыз көрсетілген.

Осы Құпиялылық саясаты не нәрсеге қолданылады?

Кадрларды іріктеуге қатысты осы Құпиялылық туралы хабарламада компания немесе Shell Group (бұдан әрі — «Shell» немесе «біз») құрамына кіретін компаниялар өңдейтін, жұмысқа орналасатын, персоналды іріктеуге қатысатын адамдарға немесе осы компанияларында бағалаудан өтетін топқа қатысты дербес деректер туралы ақпарат қамтылады. Бұл әлеуетті қызметкерлерге, стажерлар мен мердігерлерге қатысты.

Осы Құпиялылық туралы хабарламада біздің сіз туралы қандай дербес деректерді өңдейтініміз, сіздің дербес деректеріңізді не үшін және қандай мақсаттарда өңдейтініміз, сіздің дербес деректеріңізді қаншалықты ұзақ сақтайтынымыз, өздеріңіздің дербес деректеріңізге кіру рұқсатын қалай алуға болатыны және оларды қалай жаңартуды, сондай-ақ осы дербес деректер үшін қандай мүмкіндіктердің қолжетімді екені және қосымша мәліметтер алу үшін қайда хабарласу керектігі түсіндіріледі.

Жұмысқа, стажерлыққа немесе мердігер ретінде жұмысқа қабылдау туралы өтініштері мақұлданған адамдарға Shell Group қызметкері, мердігері және стажерлары атты құпиялылық туралы хабарлама қолданылады, хабарлама мына сілтеме бойынша қолжетімді https://www.shell.com.kz/kk_kz/privacy/ex-employee-notice.html.

Shell компаниясының сіздің дербес деректеріңізді қалай өңдейтіні туралы қосымша ақпарат осы Құпиялылық туралы хабарламада да, құпиялылық туралы арнайы хабарламаларда да және құпиялылық туралы қосымша ережелерде қамтылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда құпиялылық туралы аталған хабарламалар сізге бөлек жолданатын болады. Құпиялылық туралы осы хабарламалар біз жұмыс істейтін елдерге қарай өзгешеленуі және жергілікті қағидалар мен заңнаманың талаптарына сәйкес келуі мүмкін.

Хабарламалар Shell компаниясының біз жұмыс істейтін барлық өңірлердегі сайттарында жергілікті тілдерде де қолжетімді және тиісті жағдайларда жергілікті талаптарға берілген сілтемені қамтиды.

Дербес деректерді жинауға кім жауапты болады?

Сіздің тұрған жеріңізге қарай Shell компаниясына персоналды іріктейтін рекрутингтік компания сіздің дербес деректеріңізді өз бетінше және Shell компаниялар тобына кіретін өзінің филиалдарымен бірге өңдеуге жауапты болады.

Егер балалардың дербес деректерін ұсыну талап етілсе, онда алдын ала ата-анасының немесе қамқоршысының келісімін алу керек.

Арнайы хабарлама - егер сіз 16 жасқа толмаған болсаңыз және білімге немесе инновацияларға арналған және Shell демеушілік жасайтын іс-шараларға қатысуға өтінім бергіңіз келген болса

Әдетте біз 16 жасқа толмаған адамдардың дербес деректерін ұсынуды сұрамаймыз. Shell компаниясы тікелей балаларға арналған білім беру іс-шараларын ұйымдастыратын кездегі жағдайлар айрықшалықты құрайды. Егер сіз 16 жасқа толмаған болсаңыз (немесе жергілікті заңнамалық талаптарға сәйкес белгіленген және сіздің аймағыңыздағы Shell сайтында көрсетілген басқа жас), бізге сіздің дербес деректеріңізді, мысалы, аты-жөніңізді, үй мекенжайын және электрондық пошта адресін жіберудің қажеті жоқ. Егер Shell компаниясымен өзара әрекеттесу жеке деректерді міндетті түрде ұсынуды (мысалы, білім беру немесе инновациялық бағдарламалар үшін) қарастыратын болса, мұны сіздің атыңыздан жасау үшін ата-анаңызға немесе қамқоршыңызға хабарласыңыз.

Жиналатын дербес деректердің санаттары.

Біз нақты қандай дербес деректерді өңдейміз? Ақпарат жинау

Біз жұмысқа орналасатын , персоналды іріктеу процесіне қатысатын және (немесе) бағалаудан өтетін (бұдан әрі — «Үміткерлер») адамдардың дербес ақпараттарын өңдейміз:

Ол жеке байланыс ақпаратын, туған күнін, сіз өтініш берген елде жұмыс істеуге ресми рұқсатыңыздың болуын, жұмысқа қабылдау туралы өтінішіңізді, біліктілігіңіз бен тәжірибеңізді, әңгімелесу мен бағалау нәтижелерін қамтиды.

Құпия дербес деректер

Кадрларды жасақтау процесінде деректердің арнайы санаттары (бұдан әрі — «құпия дербес деректер»), соның ішінде денсаулыққа қатысты дербес деректер жалдау процесіне түзетулер енгізу, лауазымға берілетін құқықты және жұмыс істеуге жарамдылықты бағалау және денсаулық проблемаларын шешу үшін немесе кінәраттардың көлемін белгілеу және қойылған талаптар мен қуынымдар бойынша қорғау үшін жергілікті заңнамаға сәйкес қатаң қажет болған, рұқсат етілген немесе талап етілген жағдайда ғана өңделуі мүмкін.

Сонымен қатар, жергілікті заңнамаға сәйкес қарастырылған немесе талап етілетін жағдайларда бірдей жұмыспен қамту мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үшін біз Үміткерлердің ұлты, нәсілі және (немесе) этникалық шығу тегі туралы құпия дербес деректерді де жинай аламыз.

Біз жүзеге асыратын дербес деректерді өңдеудің мақсаттары.

Дербес деректер қандай мақсатта өңделеді?

Біз сіздің дербес деректеріңізді мынадай мақсаттарда өңдейміз:

  • Персоналды басқару, бизнес-процестерді орындау және ішкі басқару: ресурстарды бөлу және персоналды іріктеу жоспарларын құру үшін;
  • Еңбек гигиенасы және еңбекті қорғау: адамның өмірін немесе денсаулығын қорғау, еңбек гигиенасы мен қауіпсіздік техникасы, Shell компаниясының мүлкі мен адам ресурстарын қорғау, жеке мәртебе мен қолжетімділік құқығын аутентификациялау үшін;
  • Заңдық және/немесе реттеушілік сипаттағы нормалар мен қағидаларды сақтау - соның ішінде заңдық және/немесе реттеушілік сипаттағы нормалар мен қағидаларды сақтау; немесе
  • Басқарушылық есептілік және талдау: статистикалық талдау жүргізу және кадрларды іріктеу процесінің сапасын бағалау үшін.

Сондай-ақ, біз, егер сіздің жеке деректеріңіз негізгі мақсаттармен тығыз байланысты болса, оларды қосалқы мақсаттар үшін өңдей аламыз, мысалы:

  • сіздің жеке деректеріңізді сақтау, жою немесе иесіздендіру;
  • алаяқтықтың алдын алу, аудит немесе тергеу жүргізу, дауларды шешу немесе сақтандыру, сот талқылаулары және кінәраттардан қорғау; немесе
  • статистикалық, тарихи немесе ғылыми зерттеулер жүргізу.

Үміткерлерді алдын ала іріктеу

Біз компанияда жұмысқа, мердігер ретінде жұмысқа орналастыруға немесе стажерлықтан өтуге (жағдайға байланысты) лайықты деп санайтын барлық үміткерлерді іріктеу/әңгімелесу барысында:

  • Үміткер ұсынған ақпаратты тексеру үшін, шарт жасасу туралы ұсынысқа дейін іріктеуді жүргіземіз. Бұған қазіргі немесе алдыңғы жұмыс беруші мен оқу орны туралы ақпаратты тексеру жатады. Әрбір Үміткерді тексеру оның бұған келісімін алғаннан кейін ғана жүргізіледі;
  • Үміткерлерді іріктеу еркін қол жетімділіктегі немесе үкімет жариялаған санкциялық тізімдер мен БАҚ деректері бойынша жүргізіледі. Бұл құқықтық және нормативтік міндеттемелерді сақтау, Shell активтері мен қызметкерлерін / мердігерлерін қорғау мақсатында, сондай-ақ Shell-дің сауда бақылауының талаптарына, ақшаны жылыстатумен және (немесе) парақорлықпен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі заңнамаға және басқа да нормативтік талаптарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажет.

Автоматты түрде шешім қабылдау және профильдер құру

Барлық табысты үміткерлер өздерінің өтініштері сәтті қаралғаннан кейін Shell компаниясымен заңды негізде келісімшарт жасай алатындықтарына көз жеткізуге мүмкіндік беретін сұрақтарға жауап берулері тиіс. Сонымен қатар, дипломы бар үміткерлер үшін автоматтандырылған шешім қабылдау жүйесі негізінде жекелеген тұлғалардың жұмысқа жарамдылығын объективті бағалайтын онлайн бағалау құралы қолданылады. Мұндай жағдайларда сізге бұл туралы хабарланады және сізде Shell кадрларды іріктеу командасының мүшесі қабылдаған немесе оның атынан қабылданған автоматты шешімді қарау мүмкіндігі болады. Түлектерді жұмысқа қабылдау жағдайларын немесе персоналды жасақтау процесінде құпиялылық туралы арнайы немесе қосымша хабарламадағы нақты хабарламаны қоспағанда, жұмысқа жарамдылықты немесе жұмысқа құқықты анықтау үшін немесе мердігер ретінде жұмысқа орналасу үшін ешқандай автоматтандырылған шешімдер қабылданбайды және ешқандай профильдер құрылмайды.

Біз сіздің дербес деректеріңізді бізде бұған заңды негіз болған жағдайда ғана өңдейтін боламыз.

Неліктен біз сіздің дербес деректеріңізді өңдейміз?

Біз Үміткерлердің дербес деректерін тек:

  • шарт жасасқанға дейін Үміткердің сұранымы бойынша шаралар қолдану үшін;
  • жұмысқа орналасуға қатысты қолданылатын нормалар мен қағидалардың, әлеуметтік қамсыздандыру туралы заңнама мен нормалардың сақталуын қамтамасыз ету қажет болған жағдайларда тиісті Shell компаниясы/компаниялары заңды міндеттемені сақтауы қажет болған кезде;
  • егер бұл Shell компаниясының заңды іскерлік мүдделері үшін қажет болса (мысалы, жұмысқа орналастыруға немесе әлеуметтік қамтамасыз етуге байланысты міндеттерден басқа, заңды міндеттемелерге сәйкес нормалар мен қағидаларды сақтауды қамтамасыз ету, Shell компаниясының, сондай-ақ оның қызметкерлері мен мердігерлерінің мүлкі мен беделін қорғау), мұндай мүдделер Үміткердің мүдделерін немесе негізгі құқықтары мен бостандықтарын бұзатын жағдайларды қоспағанда; немесе
  • (егер бұл заң бойынша талап етілсе ғана) Үміткердің нақты келісімімен өңдейміз.

Өңдеу келісімге негізделген және қолданыстағы жергілікті заңнама басқаша талап еткен жағдайда, сіз кез келген уақытта өңдеуге келісіміңізді қайтарып алуға құқылысыз. Бұл өңделіп кеткен деректердің растығына әсер етпейді.

Біз сіздің дербес деректеріңізді кімге бере аламыз?

Біз дербес деректерді кімге береміз?

Сіздің дербес деректеріңіз жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін ғана өңделеді және оларды тек қызметтік қажеттілік жағдайында ғана мыналар пайдаланатын болады:

  • Shell тобының басқа компаниялары; соның ішінде сіздің орналасқан жеріңізден тыс орналасуы мүмкін компаниялар;
  • Уәкілетті тәуелсіз сарапшылар, қызметтерді жеткізушілер, сыртқы аудиторлар және (немесе) Shell қосалқы мердігерлері, атап айтқанда, ұсынымдар мен қызметтік тізімді, сондай-ақ Shell атынан компания туралы деректерді тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті үшінші тараптар;
  • Shell тобының тиісті компаниялары бағынатын немесе қолданылатын жергілікті заңнамаға сәйкес рұқсат етілген құқықтық немесе нормативтік міндеттемелерді сақтау талап етілетін жағдайларда құзыретті мемлекеттік органдар, үкіметтік және бақылаушы органдар немесе фискалдық қызмет; немесе
  • «Шелл» компаниясы өзінің кез келген құқықтарын және (немесе) міндеттерін беруді ұсынатын кез келген тұлға.

Shell компаниясымен әлеуметтік желілер арқылы өзара әрекет ету

Егер сіз Shell компаниясымен оның ресми парағы арқылы Facebook, Instagram, Twitter немесе LinkedIn секілді әлеуметтік желілерде («Әлеуметтік желілердегі Shell парақшасы») арқылы байланысуға бел бусаңыз, Shell компаниясынан басқа сіздің дербес деректеріңіз (мысалы, сіздің атыңыз, аватарыңыз және Shell компаниясына қызығушылық танытқаныңыз) сіздің аккаунтыңыздың әлеуметтік желілердің тиісті платформасындағы құпиялылық теңшеулеріне қарай барлық келушілерге көрінетінін ескеріңіз. Сіз тиісті әлеуметтік желідегі есептік жазбаңызда өзіңіз көрсеткен кез келген деректерді кез келген уақытта жоя аласыз. Shell сіз пайдаланатын әлеуметтік желілердегі әрекеттеріңізді қадағаламайды. Әлеуметтік желілердің платформасында кез келген жедел хабарлама қызметі арқылы Shell компаниясының хабарламаларын жіберген кезде, олардың алынғаннан кейін бір айдан артық сақталмайтынын назарға алыңыз. Сіз Shell компаниясына сізде кез келген проблемалар, оның ішінде әлеуметтік желілердегі Shell парақшасына қатысты мәселелер туындаған кезде хабарласа аласыз - төмендегі Бөлімді қараңыз.

Сонымен қатар, Shell өзі тіркелген әлеуметтік желілердің платформасымен бірлескен жауаптылықта, Shell әлеуметтік желілердің платформасы арқылы әлеуметтік желілердегі Shell парақшаларында қандай әрекеттерді орындағаныңызды анықтауға көмектесетін статистикалық және талдамалық деректерді қамтитын біріктірілген деректерге қол жеткізе алады. Әлеуметтік желілердің платформаларында сіздің жеке деректеріңіздің қалай өңделетіні туралы, соның ішінде сіз алуға болатын кез келген мақсатты жарнама туралы қосымша ақпарат алу үшін өзіңіз тіркелген әлеуметтік желілердегі есептік жазбаңыздың құпиялылық теңшеулеріне кіріңіз.

Тиісті қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда сіздің дербес деректеріңіз сіздің еліңізден тыс жерлерге берілуі мүмкін.

Сіздің дербес деректеріңізді басқа елдерге жіберу

Егер сіздің дербес деректеріңіз Shell Group компанияларына және (немесе) сіздің еліңізден тыс орналасқан уәкілетті үшінші тұлғаларға берілген болса, біз сіздің дербес деректеріңізді тек жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін және оларды қорғаудың тиісті деңгейінде өңдеуді қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушылық, шарттық және заңнамалық шараларды қолданамыз. Бұл шаралар Shell тобы мен ЕО-дағы Shell компаниялары арасында деректерді беруге арналған міндетті корпоративтік қағидаларды, Еуропалық комиссия бекіткен дербес деректерді үшінші тараптарға беруге арналған деректерді беру механизмдерін, сондай-ақ кез келген қосымша жергілікті құқықтық талаптарды қамтиды. Shell компаниясының міндетті корпоративтік қағидаларының көшірмесі https://www.shell.com.kz/kk_kz/privacy.html немесе privacy-office-SI@shell.com сайтында қолжетімді.

Shell сіздің дербес деректеріңізді қорғау жөніндегі барлық шараларды қолдануға міндеттенеді.

Сіздің дербес деректеріңіздің қауіпсіздігі

Біз сіздің құпиялылығыңызды рұқсатсыз кіруден және дұрыс пайдаланбаудан қорғауға арналған технологиялар мен саясаттарды іске асырдық; жаңа технологиялар пайда болған сайын біз осы іс-шараларды мүмкіндігінше жаңартып отырамыз.

Shell сіздің дербес деректеріңізді белгілі бір уақыт аралығында ғана сақтайды

Менің дербес деректерім қаншалықты ұзақ сақталады?

Сіздің аймағыңыздағы құпиялылық туралы хабарламада көрсетілген әртүрлі сақтау мерзімдерін сақтауды ескере отырып, іріктеуден өтпеген үміткерлердің дербес деректерін біз кадрларды іріктеу және бағалау процесі аяқталғаннан кейін кемінде 6 ай, бірақ екі жылдан аспайтын уақыт бойы сақтаймыз.

Құқықтық немесе нормативтік негіз бар болған кезде ақпарат неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі ішінде сақталуы мүмкін. Бұл жағдайда ол енді құқықтық немесе нормативтік мақсаттар үшін талап етілмегеннен кейін жойылады).

Егер сіз іріктеуден сәтті өтсеңіз, кадрларды іріктеу процесінде жиналған жеке деректер Құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес сақталады - Қызметкерлердің, стажерлар мен мердігерлердің дербес деректері https://www.shell.com.kz/kk_kz/privacy/ex-employee-notice.html адресі бойынша және сіздің өңіріңіздегі веб-сайтта қолжетімді.

Егер сіз өз деректеріңізді ұсынбасаңыз не болады?

Сұратылған және Үміткерлер ұсынған дербес деректер заңды талаптарды орындау және (немесе) сізбен шарт жасасу үшін (немесе сіздің жұмыс берушіңізбен / қызмет жеткізушіңізбен келісімшарт болған жағдайда) қажет. Осы мақсаттар үшін сізден сұратылған ақпараттың қажетті көлемде болмауы сіздің кез келген ықтимал жұмысқа орналасу, жалдану немесе стажерлықтан өту мүмкіндігіңізге теріс әсер етеді.

Сіздің құқықтарыңыз және оларды қалай іске асыру керек.

Сіздің дербес деректеріңізге қатысты құқықтарыңыз

Біз сіз туралы барынша нақты ақпаратты сақтауға тырысамыз. Сіз мыналарды сұрата аласыз:

  • өзіңіздің дербес деректеріңізге кіру рұқсатын;
  • өзіңіздің дербес деректеріңізді түзетуді немесе жоюды (бірақ олар енді заңды іскерлік мақсаттар үшін талап етілмесе ғана);
  • өзіңіздің дербес деректеріңіздің белгілі бір шектерде өңделуін; және (немесе)
  • егер бұл техникалық жағынан мүмкін болса, басқа тарапқа беру үшін құрылымдалған цифрлық түрде сіздің Shell-ға ұсынған дербес деректеріңізді алуды.

Бізбен мына адрес бойынша байланысыңыз: https://www.shell.com.kz/kk_kz/careers.html

Егер дербес деректеріңізге қатысты сұрақтарыңыз, алаңдаушылықтарыңыз, шағымдарыңыз туындаса, сіз кіммен байланыса аласыз?

Егер сіздің дербес деректеріңізді өңдеуге қатысты қандай да бір проблемаларыңыз, сұрақтарыңыз немесе шағымдарыңыз болса, өз аймағыңыздағы Shell-дың құпиялылық туралы тиісті хабарламасын қараңыз немесе мамандарға мына пошта арқылы хабарласыңыз Privacy-Office-SI@shell.com.

Сондай-ақ, сіз Shell International B.V. дербес деректерді қорғау қызметінің басшысымен байланыса аласыз, Гаага, Нидерланд, — сауда тізілімі, № 27155369, пошталық мекенжайы: PO Box 162, 2501 AN, The Hague.

Егер сіз Shell компаниясының өзіңіздің дербес деректеріңізді сақтау сапасына қанағаттанбасаңыз, сіздің жеке деректерді қорғау жөніндегі жергілікті органға (егер бар болса) немесе Нидерландтың дербес деректерді қорғау жөніндегі органына мына мекенжай бойынша шағым беруге құқығыңыз бар: Prins Clauslaan 60, 2595 AJ, the Hague, The Netherlands (Нидерланд). Қосымша ақпарат https://autoriteitpersoonsgegevens.nl/en сайтында берілген.

Арнайы хабарлама. Қызметкерлерді іріктеу процесіне қатысты кез келген техникалық сұрақтар бойынша, сондай-ақ Shell компаниясына жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы сұрақ қойғыңыз немесе пікір қалдырғыңыз келсе, бізге мына мекенжай бойынша хабарласыңыз: Shell Careers SSSCMLA-HRVO/N-T1 careers@shell.com.

Сізге барынша үздік пайдаланушы тәжірибесін ұсыну үшін веб-сайттарымызда cookie файлдарын қолданамыз. ?

Сookie файлдар мен ұқсас технологиялар

Shell компаниясы Shell веб-сайтына кірген кезде ақпаратты жинауға және сақтауға арналған cookie-файлдарды және ұқсас технологияларды пайдалана алады. Бұл Shell компаниясына сіздің интернет-браузеріңізді сәйкестендіруге және біздің веб-сайтты пайдалану, сіз кірген парақшалар, кірулердің ұзақтығы туралы деректерді жинауға және сізге біздің веб-сайтқа (сайттарға) кіруді ыңғайлы ету үшін осы деректерді пайдалануға мүмкіндік береді. Сіз браузердің параметрлерін теңшеу немесе Shell веб-сайттарындағы Shell cookie файлдарын теңшеу құралын пайдалану арқылы cookie файлдарының теңшеулерін Осы құпиялылық туралы хабарлама мезгіл-мезгіл жаңартылып тұрады. Қосымша ақпарат алу үшін келесі адрестегі Shell компаниясының cookie файлдарын пайдалану саясатын қараңыз: https://www.shell.com.kz/kk_kz/cookie-policy.html.

Осы Құпиялылық хабарламасының өзгерістері

Осы Құпиялылық туралы хабарламаның талаптары өзгеруі мүмкін. Сондықтан біз осы Құпиялылық туралы хабарламадан болуы ықтимал өзгерістерді үнемі қарап отыруды ұсынамыз. Осы Құпиялылық туралы хабарлама соңғы рет 2022 жылдың қаңтар жаңартылды.