Негізгі мазмұнға өту
Сотрудник завода по производству продуктов ГЖК (GTL)

Бізбен танысыңыз

Біздің мақсатымыз – бүгін және болашақта экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жауапкерлшілік қағидаларын сақтай отырып, қоғамның энергия тасымалдаушыларға деген сұранысын қанағаттандыру. Біздің бизнесіміз бен қызметкерлерімізбен, әрі концерніміздің 200 жыл бұрын негізі қаланған Лондондағы шағын дүкеннен әлемнің ең ірі энергия компаниясына дейін өткен жолымен танысыңыздар.

Shell Kazakhstan 30th anniversary logo

«ШЕЛЛ» КОНЦЕРНІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР

«Шелл» концернінің Каспий өңіріндегі қызметі компания бірінші болып Бакуден Оңтүстік-Шығыс Азияға керосин жеткізе бастаған 130 жылдай бұрын басталды. 90-шы жылдардың басында компания елдің көмірсутек ресурстарын бағалауға атсалысып, Қазақстандағы өз қатысуын белгілеген алғашқы шетелдік инвесторлардың қатарында болды және мұнай-газ секторының дамуында жетекші рөл атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін 18 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға инвестиция салған «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2023 жылы компания Қазақстан Республикасындағы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Шелл» концерні Қазақстандағыүш жобаға қатысады:

  • Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %);
  • Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %);
  • Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).

Осы бөлімде