Негізгі мазмұнға өту
Инженер смотрит вверх на строящуюся платформу

біздің жұмысымыз

«Шелл» - мақсаты экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына сәйкес энергия тасымалдаушыларға деген өсіп келе жатқан жаһандық сұранысты қанағаттандыру болып табылатын интеграцияланған энергетикалық компания.

Біздің стратегиямыз мұнай және газ саласы көшбасшыларының бірі ретінде жағдайымызды нығайта отырып, аса үлкен жауапкершілікпен жұмыс істеу, әрі энергия тасымалдаушыларға деген жаһандық сұранысты қанағаттандыру үшін жасалды. Өндірістік қауіпсіздік, экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік – қызметіміздің негізгі қағидалары.

«Шелл» концернінің Каспий өңіріндегі қызметі компания бірінші болып Бакуден Оңтүстік-Шығыс Азияға керосин жеткізе бастаған 130 жылдай бұрын басталды. 90-шы жылдардың басында компания елдің көмірсутек ресурстарын бағалауға атсалысып, Қазақстандағы өз қатысуын белгілеген алғашқы шетелдік инвесторлардың қатарында болды және мұнай-газ секторының дамуында жетекші роль атқарды.

Қазіргі уақытқа дейін 18 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға инвестиция салған «Шелл» концерні Қазақстан Республикасындағы ең ірі шетелдік инвесторлардың бірі болып табылады. 2023 жылы компания Қазақстан Республикасындағы 30 жылдық мерейтойын атап өтеді.

«Шелл» концерні Қазақстандағы үш жобаға қатысады:

  • Қарашығанақ кен орнының өнімін бөлу туралы түпкілікті келісім (қатысу үлесі – 29,25 %);
  • Солтүстік Каспий бойынша өнімді бөлу туралы келісім (қатысу үлесі – 16,81 %);
  • Каспий Құбыр Консорциумы (қатысу үлесі – 7,4 %).

осы бөлімде