Адамдардың өмір сүру ортасы, өмір ресурстары, елдердің және халықтардың экономикалары энергия ресурстарын жеткізумен байланысты. Энергия тасымалдаушылардың сенімді жеткізілуі және қолжетімділігі олардың өсуі мен дамуына қажетті. Адамдардың арасындағы қарым-қатынас бұрын-соңды мұндай дәрежеде тығыз болмаған еді. Жыл сайын өсіп келе жатқан адамдар саны орасан зор мүмкіндіктер, әрі денсаулық сақтау мен өмірдің жоғары стандарттар әлемінде өмір сүруде.

Қазіргі таңда қолданылып келе жатқан энергияның басым бөлігі мұнай мен көмірден алынады, алайда, табиғи газдан алынатын энергия көлемдері де өсуде. Бұл көмірсутегілер бізге энергия беріп, үйлеріміз бен жұмыс орындарымызды жылытады, бізді жұмысымызға, мектепке немесе бізге қажет кез-келген жерге жеткізетін көлік жүйелерін жанармаймен қамтамасыз етеді. Олар өмірімізді қамтамасыз ететін салалардың қозғаушы күші болып табылады. Көмірсутегілер – біз сатып алатын тауарлардың көпшілігін, мысалы, осы мәтінді оқу үшін сіз қолданып отырған құрылғыны өндіру үшін қажетті химиялық заттар үшін керек шикізат. Энергияға жаһандық сұраныс халық саны мен өмір сүру деңгейімен бірге өседі.

2050 жылға қарай ғаламшарымыздың халық саны 9 миллиардқа дейін өседі деп күтілуде, яғни, бүгінге қарағанда 2 миллиардқа жуық адамға көп. Дамушы елдердегі көптеген адамдар өмір сүру деңгейлерін өсіріп, орта класс өкілдеріне айналады. Олар энергияны тұтынатын тоңазытқыштар, компьютерлер және өзге құралдарды сатып алады. Сонымен бірге, көбісі жолдардағы саны екі есе өсетін автокөліктерді де сатып алады.

Қалалар жылдан жылға әлемдік экономиканың басты қозғаушы күшіне айналуда. 21-ші ғасырдың ортасына қарай әлем халқының төрттен үш бөлігі қалаларда тұратын болады. Бұл баршамыздың жалпы әл-ауқатымызға және өркендеуімізге ауадай қажетті азық-түлік, су және энергия ресурстарының жеткізулеріне өз ықпалын тигізеді.

Қалалардың болашағына арналған «Шелл» брошюрасымен танысыңыздар!

Мамандарға сүйенсек, энергияға сұраныс 2050 жылы 2000 жылға қарағанда екі есе өседі. Сонымен бірге, дәл қазір атмосфераға көмірқышқыл газдың шығарындыларынан және экологияға өзге де жағымсыз әсерден пайда болған климаттың өзгеруі әлемдегі ең өзекті мәселелердің біріне айналуда.

Аталмыш мәселелерді шешу жаһандық энергия жүйесінің түпкілікті өзгеруін және бірқатар жаңа энергия қайнар көздерін талап етеді. Әлемдік энергия жүйесінің орасан зор ауқымы мен энергияға сұраныстың тез өсуі бұл мәселелерді бірлесе отырып шешу қажеттілігін туғызады

Аса таза энергетикалық болашақ

«Шелл» концерні бірнеше жыл бойы энергетикалық болашақ мәселелерінің ең өзектісінің бірі – атмосфераға көмірсутегі шығарындыларын азайтуға дайын болу үшін бағытталған сценарийлерді дайындауда.

«Келешекке жаңа көзқарас» атты «Шелл» концернінің сценарийлері 2060 жылға қарай әлемдегі 40% энергиясы күн және жел секілді жаңғыртылатын энергия көздерінен пайда болуы мүмкін ғаламшардың ықтимал болашағын сипаттайды. Ал одан он жылдан кейін күн энергияның негізгі қайнар көзіне айналады.

«Шелл» сценарийлерімен танысып, оларды жүктеп алыңыз

Жоба "Квест – ұстап алу және сақтау көміртегі қос тотығының" (Quest CCS) Канада. Түрі ауадан.
Проект «Квест – Улавливание и хранение двуокиси углерода» (Quest CCS) в Канаде

Энергия жүйесінің даму процесінде келесі онжылдықтарда көмірсутегілер әлі де көлік, соның ішінде авиация үшін жоғары сұранысқа ие энергия көзі және пластмастан болатқа дейін күнделікті тұтыну өнімдері үшін шикізат болып өмірге маңызды роль атқара береді.

Біз ғаламшардың өсіп келе жатқан сұранысын қанағаттандыру, энергия тасымалдаушылардың экологиялық тұрғыдан тазалығын қамтамасыз ету және энергия қолданудың тиімдірек тәсілдерін табу мақсатында технологияларымыз бен инновацияларды энергия тасымалдаушыларын жеткізу көлемдерін ұлғайту үшін қолданамыз. Сонымен бірге, біз бизнесті экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаларына сәйкес жүргізу мақсатында өзіміз қызмет атқарып отырған аймақтарда серіктес компаниялармен, жергілікті тұрғындармен, мемлекеттік және өзге ұйымдармен жұмыс істейміз.

Қазіргі таңда «Шелл» концерніндегі өндірістің жартысынан көбі қолдану кезінде толықтай жанып кететін жалғыз қазба жанармай, яғни, табиғи газға тиесілі. Біз табиғи газдың тұрақты энергетикалық болашақты құруда аса маңызды роль атқаратынына сенімдіміз. Әсіресе бұл энергияны өндіруде өзекті, өйткені жану кезінде табиғи газ тас көмірге қарағанда СО2-нің жартысына жуығын және ауаны ластайтын өзге заттардың оннан бірін ғана шығарады.

Біз көмірсутегілерді қолданудың кері экологиялық әсерін азайту мақсатында СО2-ні ұстау және сақтау бойынша бірнеше жобаларға қатысамыз. Мұндай жобалар тиімді және ауқымды болулары үшін мемлекеттің қолдауын қажет етеді. Тас көмір тұтынатын зауыттарды табиғи газбен жұмыс істейтін және көміртектің қостотығын ұстап қалу мен сақтау технологиясымен жабдықталған электр станцияларына алмастыру СО2-нің атмосфераға шығарындыларын 90%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, «Шелл» концернінің жел қуатының көмегімен электр энергиясын өндіру бойынша көпжылдық тәжірибесі бар – біз Солтүстік Америка мен Еуропада 9 жобаға қатысудамыз.

Бүгін өмірімізді көліксіз елестету қиын. Біз тиімдірек жағармайлар мен көміртегінің атмосфераға шығарындылары төмен био жанармай және сутегі секілді жанармайдың жаңа түрлерін өндіреміз. «Шелл» концерні жүргізушілерге автокөліктерінің энергия тиімділігін көтеріп, жанармайды үнемдеуге көмектесетін оқу бағдарламаларын өткізеді. Біз инновациялық өнімдерді адамдар мен тауарларға ғаламшар бойынша қоршаған ортаға төмен әсермен және жоғары тиімділікпен қозғалуларына жағдай жасау мақсатында енгіземіз.

Болашақтың көліктерін жасаудағы «Шелл» концернінің ролімен танысыңыз!

сондай-ақ, қараңыз

Табиғи газ

Біз біздің ноу-хау, технологиялар және инновациялар көлемін ұлғайту үшін энерготасымалдаушы жеткізілімдерінің артатын және преуспевающему халыққа және қамтамасыз ету олардың басым экологиялық.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КҮРДЕЛІЛІКТЕРДІ ЖЕҢУ

Сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі тарапынан өсіп келе жатқан халықтың, біз әзірлеп жатқан жаңа тәсілдері барлау және рентабельді және қауіпсіз энергия көздерін өндіру

БІРЛЕСКЕН ИННОВАЦИЯЛАР

Сізде тамаша идея немесе инновациялық технологиясы? Концерні "Шелл" іздеп, шығармашылық адамдар, компаниялар мен ұйымдар бірлескен жобаларды іске асыру үшін.