Ол жел қуаты мен күн энергиясы секілді жаңартылатын энергия көздеріне керемет қосымша бола алады. Сонымен бірге, табиғи газды атмосфераға көміртегі шығарындыларын азайта отырып, кемелер, автокөліктер, автобустар мен поездерге жағармай ретінде қолдануға болады.

Халықаралық энергетика агенттігі мәліметтеріне сәйкес, 2040 жылға қарай табиғи газға деген сұраныс 1,5 есеге жуық өсуі мүмкін.

Табиғи газ - қолдану кезінде толықтай жанып кететін жалғыз қазба жағармай болып табылады. Біз оның қорларын құрлық пен теңізде барлау мен игерумен айналысамыз. Қазіргі таңда «Шелл» концерні жалпы өндірісінің жартысының көбі табиғи газға тиесілі.

Табиғи газдың артықшылықтары

Табиғи газ кез-келген көмірсутегілермен салыстырғанда экологиялық жағынан әлдеқайда таза. Табиғи газды көмірмен салыстырғанда электр энергиясын өндіру кезінде СО2 көлемдерінің жартысы және атмосфераны ластайтын басқа заттардың оннан бір бөлігі ғана пайда болады. Әлемдегі табиғи газдың қорлары мол. Егер оны тұтыну көлемі қазіргі деңгейде сақталса, табиғи газдың қазба қорлары 230 жылға жетер еді. Табиғи газ өзге табиғи жанармайларға қарағанда бірқатар айқын артықшылықтарға ие. Газбен жұмыс істейтін электр станциясын көмірмен істейтін станцияға қарағанда іске қосу мен тоқтату әлдеқайда тезірек. Бұл ерекшеліктің себебінен табиғи газ тек қана күндіз және жел соғып тұрған кезде қол жетімді жаңартылатын энергия көздеріне тамаша қосымша болып табылады.

Сұйытылған табиғи газ (СТГ)

Табиғи газды -162 ºC температурасына дейін суыту арқылы сұйық күйге ауыстыру оның көлемін 600 есеге дейін азайтуға мүмкіндік береді. Бұл шалғайда орналасқан және энергия тасымалдаушылар тапшылығын сезінетін тұтынушыларға газды қарапайым және тиімді түрде тасымалдауға мүмкіндік береді. Жеткізу бекетіне келгеннен кейін СТГ регазификация қондырғыларында қайтадан кәдімгі газға айналады. Осыдан кейін тұрмыстық және өндірістік тұтынушыларға жеткізу үшін газды құбырларға жіберуге болады.

СТГ-ны өндіру және тасымалдау бойынша «Шелл» ізашар болып табылады. 1964 жылы Алжирда біз СТГ өндіру бойынша тарихта тұңғыш зауытты салуға қатысып, дүние жүзінде СТГ-ның алғашқы коммерциялық көлемдерін жөнелттік. Осылайша СТГ-ның жаһандық саудасы басталды. Біз табиғи газды сұйықтандыру бойынша зауыттарды дүниенің түкпір-түкпірінде жабалап, салудамыз

СТГ бойынша көбірек ақпаратты біздің жаһандық сайттан біліңіздер!

Сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша су үстінде жүзетін кешен

Сұйытылған табиғи газды өндіру зауыттары негізінен құрлықта салынады. Алайда, «Шелл» концерні «Прелюд» (Prelude FLNG) атты сұйытылған табиғи газды өндіру бойынша суда жүзетін алып кешен салуда. Бұл кешен адамзат тарихындағы ең ірі суда жүзетін өндірістік нысан болады — оның ұзындығы 488 метрге, ал ені 74 метрге жетеді.

«Шелл» теңізде газды өндіру, сұйықтандыру, сақтау және газ тасымалдайтын кемелерге тиеу мүмкіндігін беретін революциялық технологияны ойлап тапты. Бұл технология бір-бірінен қашықтықта орналасқан шағын кен орындардың бірнеше шағын топтарын игеру үшін СТГ өндіру бойынша суда жүзетін біртұтас кешенді қолдануға мүмкіндік береді. Қайраңдарда орналасқан ірі кен орындарға, керісінше, бірнеше суда жүзетін кешендер қызмет көрсете алады.

Суда жүзетін «Прелюд» кешені туралы біздің жаһандық сайттан толығырақ ақпарат ала аласыз!

Грузовик, готовящийся к заправке автозаправочной станции СПГ «Шелл»

Көлікке арналған СТГ

Газ жану кезінде ең төмен көлемде шығарынды бөлетін қазба жанармай бола отырып, көліктер энергия ресурстартарының құрылымында маңыздырақ роль атқара алады. Көлік үшін СТГ технологияларын енгізу процесі көлік қозғалтқыштары тиімділігін өсіру, биожанармайларды өңдеу және сутегі мен электр қозғалтқыштарын қолдану аясын кеңейту бойынша жұмыстармен бір уақытта жүруі керек. Біз дизель мен мазутпен салыстырғанда экономикалық және экологиялық артықшылықтары бар СТГ-ны автокөліктер мен кемелердің қозғалтқыштары үшін жанармай ретінде қолдану мүмкіндіктерін зерттеудеміз. СТГ-ны теміржол, тау-кен және өнеркәсіп салаларында да қолдануға болады. Сонымен бірге біз СТГ қолдану аясын өзіміздің өндірістік қызметімізде кеңейту мүмкіндіктерін қарастырудамыз.

СТГ-ны көлік үшін жағармай ретінде қолдану туралы толығырақ ақпаратты біздің жаһандық сайтымыздан алыңыздар!

Газ күйінен сұйық күйге айналдыру конверсиясы (ГСАК)

Біздің мамандарға табиғи газдан сұйық өнімдерді алу үшін газ күйінен сұйық күйге айналдыру конверсия технологиясын дайындау үшін 40 жылдан астам уақыт қажет болды. Бұл өнімдерге көлік және автокөлік жанармайларының алуан түрлері, сонымен бірге пластмассалар, жуғыш заттар және косметикалық өнімдер секілді күнделікті сұранысқа ие тауарларды өндіру үшін қажетті ингредиенттер кіреді.

ГСАК өнімдері иіссіз және түссіз. Олар шикі мұнай құрамындағы күкірт, хош иісті көмірсутектер және азот секілді ластаушы заттарды шығармайды.

ГСАК технологиясы туралы толығырақ ақпаратты біздің жаһандық сайттан алыңыздар!

Сондай-ақ, қараңыз

Энергетиканың болашағы

Біз біздің технологиялар мен техникалық шешімдер сұранысты қанағаттандыру үшін энергияны тарапынан өсіп келе жатқан әлем халқының ете отырып, бұл ретте барлық азайту үшін қоршаған ортаға әсері.

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КҮРДЕЛІЛІКТЕРДІ ЖЕҢУ

Сұранысты қанағаттандыру үшін көмірсутегі тарапынан өсіп келе жатқан халықтың, біз әзірлеп жатқан жаңа тәсілдері барлау және рентабельді және қауіпсіз энергия көздерін өндіру

БІРЛЕСКЕН ИННОВАЦИЯЛАР

Сізде тамаша идея немесе инновациялық технологиясы? Концерні "Шелл" іздеп, шығармашылық адамдар, компаниялар мен ұйымдар бірлескен жобаларды іске асыру үшін.