Негізгі мазмұнға өту
Ерікті әлеуметтік инвестициялар

ЕРІКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР

«Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі және өз қызметін жүзеге асыратын аймақтарда жауапты компания болуды көздейді.

Негізгі өндірістік жобаларға салынған тікелей инвестицияларға қосымша, «Шелл» әлеуметтік саланың маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарламалар мен бастамаларға белсенді түрде қатысады және өз үлесін қосады. Өнімді бөлу туралы келісім (ӨБК) аясында капиталдық шығындардың белгілі бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымды қолдауға бағытталады. Бұған концерн операциялары жүзеге асырылатын өңірлердегі (БҚО, Атырау және Маңғыстау облыстары) білім беру, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салаларының нысандары, сонымен қатар ортақ пайдаланылатын өзге де нысандар жатады. Қазірге дейін «ҚПО» және «NCOC N.V.» компанияларының өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жасаған жалпы инвестиция көлемі, тиісінше, 479 және 825 миллион АҚШ долларын құрады. 2005 жылдан 2020 жылға дейін «КМОК» компаниясы арқылы әлеуметтік инфрақұрылым жобаларына 7 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлінді.

«Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының сенімді серіктесі болуға және операциялық жұмыстары жасалатын өңірлердегі халыққа жауапты көрші болуға ұмтылады.

«Шелл Қазақстан» компаниясының 2022–2024 жылдарға арналған ерікті әлеуметтік инвестициялар стратегиясы білім, кәсіпкерлікті дамыту, адами капиталды дамыту және жол қауіпсіздігі саласындағы озық тәжірибелерді ілгерілетуге басты назар аударады.

СОНДАЙ-АҚ, ҚАРАҢЫЗ