Жоба жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру арқылы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. «Шелл Қазақстан» компаниясы әр облысқа үш гранттан бөледі. Әр жобаға 7 млн теңгеден барлығы 9 жоба іріктеліп алынады.
Байқауға өтінімді үш басым бағыттың бірі бойынша жіберуге болады: су ресурстарын қорғау және тиімді пайдалану; жер ресурстарын қорғау және қалпына келтіру, жерді тұрақты пайдалану; биологиялық әртүрлілікті және экожүйелерді сақтау және ұтымды пайдалану. Әр басым бағыт бойынша бір жоба таңдап алынады. 2023 жылы «Шелл Қазақстан» компаниясы Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарының әрқайсысына үш гранттан бөледі.

Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың экологиялық бастамалары 2023 жылдың сәуір-қазан айларында жүзеге асырылады.

Мемлекеттік емес гранттарды бөлудің мақсаты – Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясын ілгерілету, сондай-ақ «Шелл» концернінің қоршаған ортаны қорғау, қалдықтарды азайту және биоәртүрлілікке оң үлес қосу арқылы табиғатты құрметтеуді көздейтін «Прогресс энергиясы» атты жаңа стратегиясын қабылдауы. 
«Шелл Қазақстан» компаниясы өзі қызмет ететін Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды жүзеге асыруды мақсат етіп, оған қоғамды тарту арқылы еліміздің экологиялық мәселелерін шешуге үлес қосу туралы шешім қабылдады..

Байқау жаңашылдығының бірі – «Эко-инкубатордың» енгізілуі. Конкурс 2 кезеңнен тұрады, оның бірі оқыту бөлімі болмақ. «Эко-инкубатор» аясында үміткерлер әлеуметтік жобалау және экологиялық салалардағы әлеуетті арттыру және гранттық өтінімдерді күшейту үшін оқу семинарларынан өтеді. Екінші кезеңде бірінші кезеңнен өткен өтінімдерді онлайн түрде таныстыру және бағалау, сондай-ақ грант иегерлерін іріктеу жүргізіледі.

Байқау ережелерімен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында танысуға болады: www.cisc.kz.

Байқау қорытындысы оператордың ресми интернет-ресурсында жарияланады. Барлық өтінімдер 2023 жылғы 16 қаңтар мен 30 қаңтар аралығында Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін grants@cisc.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.


Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз. Байқау туралы толығырақ мына сілтеме бойынша біле аласыз: https://cisc.kz/kk/47253-47253.html.

Анықтама үшін:

2023 жылы «Шелл Қазақстан» елдегі жұмысының 30 жылдығын атап өтеді. Осы уақыт ішінде Шелл концерні Қазақстан экономикасымен тығыз байланыста болды, мұнда компания өз «Прогресс энергиясы» стратегиясын басшылыққа алады. Негізінен декарбонизация мәселелеріне мән берілетін «Шелл» компаниясының «Прогресс энергиясы» стратегиясы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді көздейтін мақсатына сәйкес келеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ҚР Үкіметі стратегиялық құжат – Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасын әзірлеуде. Қазақстанның көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың тұрақтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, экологиялық таза, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін электрлендіру және кең ауқымды пайдалану арқылы қол жеткізілетін болады.

ҚР-дағы ірі инвесторлардың бірі бола отырып, «Шелл» компаниясы экологиялық бастамаларды қолдау арқылы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның өз алдына қойған мақсатын қолдайды. «Прогресс энергиясы» стратегиясы шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі – «табиғатқа қамқорлық жасау». Бұл міндет төрт басым бағытта жүзеге асырылады: биоәртүрлілік, су, айналмалы экономика және қалдықтарды басқару, ауа сапасы.

Сондықтан «Шелл» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоғамдық ұйымдарын жергілікті экологиялық бастамаларды іске асыру мақсатында гранттар бағдарламасына қатысуға шақырады