Мақсатымыз мықты естіледі, бірақ «ол нені білдіреді?» деп сұрауыңыз мүмкін.

Ол – біздің инклюзивтілік стратегиямыз барлық адамдарға қатысты деген сөз.Кім болсаңыз да, қайда болсаңыз да, «Шелл» компаниясында нағыз өзіңіз болғаныңызды және инклюзия мәдениетіне оң үлесіңізді қосқаныңызды қалаймыз.

Ол – әрқайсымыз әр түрлі деңгейден бастайтынымызды түсінеміз деген сөз.Адамдардың бәріне тең мүмкіндіктер жасау нақты әрекеттерді қажет етеді. Ол әрекеттер біздің жаһандық теңдікті қамтамасыз ету бағыттарынан басталады (Гендер, Нәсіл және этнос, ЛГБТ+ және Мүгедектерді қолдау жөніндегі enABLEment бағдарламасы).

Ол – Жол картасын және бағыттаушы қағидаларымызды жариялаймыз деген сөз.Олар қазіргі жағдайымызды, жеткіміз келетін мақсатты және оған жетер жолды анықтау үшін әріптестермен жүздеген мәрте сөйлесуімізден кейін жасалған. Әлі барлық жауапты ала алмадық. Сондықтан біз әрі қарай да сөйлесеміз, тыңдаймыз, үйренеміз және әдістерімізді шыңдаймыз.

Ол – деректеріміз бен тәжірибелеріміз жөнінде ашық боламыз деген сөз.Олардың басым бөлігі оң болады, біршамасы алған бағытымыздың туралығын көрсетеді, ал кейбірі көбірек еңбек етуімізді талап етеді.

Ол – «Шелл» компаниясы жұмыс істеуге керемет жер деген сөз, себебі біз ешкімді шеттетпеуді ондаған жыл бойы басым бағыт етіп келдік. Бұл салада үздіксіз дамуға ұмтыламыз, өйткені қолымыздан одан да артығы келетінін білеміз.

Бұл парақша біздің міндеттемеміз, өзімізге артқан жауапкершілігіміз және тұрақты прогресске қосқан елеулі үлесіміз туралы сұрақтарыңызға жауап бере алды деп үміттенеміз.

Біздің Гендер, Нәсіл және этнос, ЛГБТ+ және Мүгедектерді қолдау жөніндегі enABLEment бағдарламасы туралы парақшаларымыз алдымызға қойған түрлі мақсаттар, біз жүргізген АТИ бағдарламалары мен бастамалары және біз жасаған прогресс пен қалдырған әсер туралы ақпарат береді. Әр парақшада біздің қызметкерлеріміздің өмірлік хикаялары туралы бейнероликтер бар. Сондай-ақ Қызметкерлерге арналған ресурстық топтар, белсенді қолдаудың маңыздылығы және «Шелл» жеңген АТИ марапаттары туралы деректер берілген.

Қосымша ақпарат алу үшін «Шелл» компаниясының Алуан түрлілік, теңдік және инклюзия жөніндегі Жол картасы мен бағыттаушы қағидаларымен танысыңыз.