Морской терминал Каспийского трубопроводного консорциума

«Шелл» Каспий құбыр консорциумы(КҚК) қатысушыларының бірі болып табылады. Каспий құбыр консорциумы – ірі халықаралық мұнайжүргізу жүйесі,ол Қазақстан батысынан (негізінен Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кен орындарынан) Қара теңіздегі Новороссийск (Ресей) портына жақын орналасқан терминалдарға мұнайды жеткізу үшін соғылған.   

Мұнай тасымалдауы 2001 жылы басталған,ұзындығы 1500 км. құбыр жүйесі жаңа құбыр сегменттерінен, жаңа теңіз терминалдарынан және жаңартылған құбырдан тұрады. Кеңейту жобасына дейін жобалық қуаты жылына 28.2 миллион тонна мұнай болатын. 2017 жылы кеңейту жобасы аяқталғаннан соң, құбыр жүйесінің өткізу қабілеті жылына 67 миллион тонна мұнайға дейін  өсті.

КҚК – дағы «Шелл»-дің жиынтық үлесі  7.4 % («Роснефть» МК бірлескен өнеркәсіп шеңберіндегі 3.75% қоса алғанда), тікелей қатысуымен 1.75% және «BG Overseas Holding Limited» аффилирленген компания арқылы 2% құрайды.

www.cpc.ru

сондай-ақ, қараңыз

«МЕРУЕРТ» ЛИЦЕНЗИЯЛЫ УЧАСКЕСІН ӘЗІРЛЕУ БОЙЫНША ӨНІМДІ БӨЛУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» (КМОК) – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен жер қойнауын пайдаланушылар «Шелл БӨ Оффшор Венчурс Лимитед» (55%), «ҚазМұнайТеңіз» Теңіз мұнай компаниясы» ЖШС (25%) және «Оман Перлз Компани Лимитед» (20%)