«Student Energy Challenge» байқауы 2017 жылдан бері «KAZENERGY» Қауымдастығының ұйымдастыруы және «Шелл Қазақстан» компаниясының серіктестігі және қаржылау қолдауы арқылы өткізіліп келеді. Небәрі алты жыл ішінде сайысқа Қазақстанның 40 жоғары оқу орнынан 340 команда қатысты.

Student Energy Challenge жобасына қатысушылардың барлығы Шелл компаниясының екі күндік Shell NXplorers авторлық тренингіне қатысу арқылы сыни ойлау және сценарийлер бойынша жоспарлау қабілеттерін дамытуға бірегей мүмкіндік алды. Жаһандық компанияның әдістемесінің арқасында қатысушылар өз жобаларын іске асыруда қажет болатын жүйелі және кешенді ойлау, сценарийлер арқылы жоспарлау, сондай-ақ көшбасшы болу дағдыларын дамыту арқылы тұрақты даму ұғымын терең меңгере алатын болады.

Байқау мәресі 2022 жылдың 28-29 қыркүйегі арасында Алматы қаласында өткен «Энергетикалық алмасу: ұрпақтар сабақтастығы» деп аталатын Дүниежүзілік мұнай кеңесінің VII Жастар форумы аясында өтті.

ЖОО арасындағы байқау жеңімпаздары:

  • «HARDC0DE», Астана IT университеті: жоба тақырыбы «Ағынды сулардың тасқындауы, құдықтардың қоқыстануы және вандализм туралы ерте хабарландырудың кіріктірілген автоматты жүйесіне арналған ГИС-портал жасау».
  • «Energy-Intelligence», Назарбаев Университет, Астана қ.: жоба тақырыбы «Энергияны тиімді үлестіру және қолданыстағы жүйелерді кеңейту мақсатында электр қуатын тұтынуды қысқа және ұзақ мерзімді болжау».
  • «Solar Soul», Ғ. Дәукеев атындағы Алматы Энергетика және Байланыс Универитеті: жоба тақырыбы «Күн панелінің GPS технологиясын пайдаланатын трекер жүйесі».

Колледжер арасындағы «Student Energy Challenge-JUNIOR» жеңімпаздары:

  • «IT ZH» Zhansugurov College, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі, Талдықорған қ.: жоба тақырыбы «Jetisu Green Volt», тербелу арқылы электр энергиясын өндіретін қалақшасыз жел генераторын дамыту.
  • «EcoLife», Геологиялық барлау колледжі КМҚК, Семей қ.: жоба тақырыбы «Семей қаласындағы ауыз судың сапасын жақсарту».
  • «Selestials of Zhansugurov college», І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің колледжі, Талдықорған қ.: жоба тақырыбы «Green Wind», жел арқылы электр энергиясын алудың ең тиімді әдісінің үлгісін жасау.

Жеңімпаз командалар жобаларын әрі қарай дамыту және зерттеуге арналған гранттарға ие болады (ЖОО арасында 2 000 000 теңге, колледж командалары 1 300 000 теңге).

Байқау ұйымдастырушылары жеңімпаздарды құттықтай отырып, мақсаттарына жетуде және жобаларын іске асыруда сәттілік тілейді!