Биыл байқау 5 бағыт бойынша ауқымы кең 20-дан астам тақырыппен толықты: тау-кен және өңдеу саласындағы тиімділікті арттыру; электр энергетикасы/жаңартылатын және балама энергия көздері; экология/денсаулықты қорғау; өндіру салаларында цифрлық технолгиялар мен тиімді инновациялық шешімдерді енгізу; су үнемдеу технологиялары.

Қазақстанның студенттік жастар арасында энергетика саласындағы инновациялардың дамуына қолдау көрсетуге бағытталған жалпы жүлде қоры 18 мың долларға тең байқау үстіміздегі жылдың 18 ақпанында басталды.

Нәтижесінде байқауға қатысуға Қазақстан Республикасының 9 аймағының 18 жоғары оқу орнынан 61 команда ниет білдірді.

Келесі кезеңге өту үшін тіркелген командалар жобаның мақсаттары, тақырыпты таңдау негіздемесі, жоба идеясының бірегейлігі, оның экономикалық және экологиялық әсері және жүзеге асырылуынан күтілген нәтиже көрсетілген ұзақтығы 2-4 минут таныстырылымдық ролик сипатындағы бейне түйіндеме ұсынды.

Бейне түйіндемелерді бағалау нәтижесінде ұйымдастырушылар 2020 жылдың 1-3 шілдесінде «Shell NXplorers» сынаулы ойлану машықтарын дамыту бойынша тренингтен өтетін 12 команданы анықтайды. Көшбасшылық қасиеттерді және таныстырылымдық қабілеттерді дамытуға арналған бұл бағдарлама байқаудың міндетті кезеңдерінің бірі болып табылады. Бұл кезеңнің мақсаты - командаларды аталмыш бағыттарда білім деңгейлерін көрсететін кезең - өз жобаларын қорғауға дайындау. Содан кейін командалар тәуелсіз сарапшылар тарапынан бағалануы үшін өз жобаларының құжаттарын дайындайды. Бағалаудың нәтижесінде тек қана 8 команда ақтық кезеңге өтеді!

Командаларға сәттілік тілейміз!