Болашақ энергиясы қандай болатыны туралы ойыңызбен бөлісіп, планшет ұтып алыңыз!

Қазақстанның болашақ энергиясы туралы ойыңыз бар ма? Өз ойыңызбен болашақ ұрпақпен бөліскіңіз келе ме? Онда «Болашақ энергиясының уақыт капсуласы» байқауына қатысып, идеяңызды 50 жылға сақтап қою мүмкіндігіне ие болып, планшет ұтып алуыңызға болады!

Қазақстанда «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтіп жатқан «ЭКСПО-2017» көрмесін атап өтіп, болашақ ұрпаққа мұра қалдыру мақсатымен «Шелл» компаниясы уақыт капсуласын жасайтын болады. «Шелл» компаниясының жоба және технология тобы әзірлеп, арнайы жасап шығаратын капсуласы «ЭКСПО-2017» көрмесінің 50 жылдық мерейтойында ашылатын болады.

Уақыт капсуласына Қазақстан халқының Қазақстанның энергия жүйесі 2067 жылы қандай болатыны туралы болжамдары мен ойлары енетін болады. Өз шығармаңызбен 2067 жылдағы болашақ ұрпақпен бөлісу мүмкіндігіне ие болу үшін Қазақстанның болашақ энергия жүйесі туралы өз ойыңызды бізге жолдасаңыз болғаны. Шығармаңызды төмендегідей түрде жолдауыңызға болады:

  • Қазақстанның болашақ энергиясы туралы ойыңыз жазылған эссе (300–500 сөз).
  • Қазақстанның болашақ энергиясы туралы ойыңыз немесе үмітіңіз туралы өлең.
  • Болашақ ұрпаққа хат.
  • Болашақтағы қала, ғимарат немесе көліктің (қолмен немесе компьютермен салынған) суреті.
  • Қазақстанның болашақ энергиясы туралы басқа да көріністер.

Ойыңызды уақыт капсуласына салу мүмкіндігімен қатар, үш жеңімпаздың бірі атанып, планшет ұтып алуыңызға болады.

Қатысу үшін өз шығармаңызды «Болашақ энергиясының уақыт капсуласы байқауы» тақырыбымен Indira.Karazhanova@shell.com электрондық поштасына бейсенбі, 31 тамызға дейін жіберуіңізді өтінеміз.

Немесе «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі «Шелл» компаниясының павильонына келіп, шығармаңызды ұсыныс қорабына салсаңыз болады.

Шарттар мен ережелер

басқа ақпарат О нас

Student Energy Challenge – 2018

“Шелл”  KAZENERGY қауымдастығымен әріптестікте  бола отырып,«Student Energy Challenge» интеллектуалды командалық сайысын өткізеді.

Байланыс

Біздің веб бетке келгеніңіз үшін рахмет. Егер сауалдар туындаса, бізге хабарласыңыз