Қазақстанның ұзақ мерзімді серіктесі, «Шелл» концерні «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне жаһандық серіктес ретінде қатыса отырып, «жасыл экономикаға» көшу жолында Республикаға деген қолдауын көрсетті. Көрме өткен үш ай аралығында корпоративтік «Шелл» павильоны қатысу көрсеткіші жоғары бес павльонның ішінде болды. «Шелл» энергетикалық зертхана» келушілері энергетикалық сектордың алдында түрған мәселелерін, оларды шешу жолдарын интерактивті түрде  көруге мүмкіндік алды.

«Шелл» концерні Ұлыбритания және Нидерланды ұлттық павильондарына қаржылық қолдау көрсетті, сонымен қатар, «НКОК Н.В» консорциумының акционері бола отырып, осы консорциум арқылы «ЭКСПО-2017» көрмесіне демеушілік көмек көрсетті.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында өтті.

Көрме туралы: https://expo2017astana.com/