«Шелл» концерны өзінің аффилирленген «Би Джи Карачаганак Лимитед» компаниясы арқылы «Эни» итальян компаниясымен бірлесіп Қарашығанақ мұнайгазконденсатты кен орнының операторы болып табылады. Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в.(КПО) кен орнын өндіруді бірлескен кәсіпорын негізінде жүзеге асырады: (қатысу үлестері: "Шелл" - 29.25%, "Эни" - 29.25%, "Шеврон" – 18%, "ЛукОйл" – 13.5%, "Қазмұнайгаз" - 10%).

Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған, ол әлемдегі ең ірі мұнайгазконденсатты кен орындарының бірі болып келеді.Ол Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан және аумағы 280 шаршы километрден асады. Оның көмірсутегінің есептелген бастапқы баланстық қорын 9 миллиард баррель конденсат және 48 триллион текше фут газ құрайды,ал жалпы бағалау қоры 2.4 миллиард баррель конденсат және 16 триллион текше фут газдан асады. Өнеркәсіптік өндіру 1984 жылы басталды.

ӨБТК-1997 жылы қол қойылған сәттен бастап, КПО серіктестері барынша орнықты экономикалық пайданы қамтамасыз ету мақсатында алдыңғы қатарлы өнеркәсіптік технологияларды пайдалана отырып, кен өндірісіне 23.7 миллиардтан астам АҚШ долларын инвестиция жасады. Барлық жұмыстар қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі ең жоғарғы стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

КПО және серіктес-компаниялар қазіргі уақытта кен орнындағы өндірістің сөресін қолдау бойынша жобалар жоспарлау жұмыстарын жүргізіп отыр.

www.kpo.kz