Морская буровая платформа в Каспийском море

«Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы (бұдан әрі – КМОК) 2005 жылы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі және Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед (қатысу үлесі 55%), «ҚазМұнайТеңіз» МНК ЖШС(қатысу үлесі 25%), Оман Перлз Компани Лимитед(қатысу үлесі 20%)  арасында жасасқан «Меруерт» келісімшарттық аумағында өнімді бөлу туралы Келісімнің (бұдан әрі-«Меруерт» ӨБК ) шеңберінде мұнай операцияларын жүзеге асыру бойынша бірлескен операциялық компания болып табылады.

«Меруерт» келісімшарттық аумағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Келісімшарттық аумақ ауданындағы теңіз тереңдігі 7-10 метр құрайды, ол жерде 2 ортаюралық мұнайперспективалық құрылымдар –Хазар және Әуезов анықталды. 2007 жылы «Хазар-1» құрылымында,ал 2008 жылы «Әуезов-1» құрылымында көмірсутектің белгілері табылғаннан соң, «Хазар» құрылымында тағы екі бағалау ұңғымасы сәтті бұрғыланды. Қазіргі уақытта жобаны дамыту концепциясын әрі қарай әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

сондай-ақ, қараңыз