«Шелл» жалпы іскерлік қағидалары

«Шелл» — қазіргі заманғы әлемнің күрделі шарттарында жұмыс істеп жатқан жаһандық энергетикалық концерн. Біз қызметіміздің тиімділігіне және қызметкерлеріміздің іс-әрекетінің этикаға сәйкестігіне тікелей байланысты қатаң стандарттарды ұстанамыз. «Шелл» концернінің абыройы негізгі құндылықтарымызды қаншалықты сәтті ұстанатынымызға байланысты. «Шелл» компаниясының сегіз іскерлік қағидасы басты құндылықтарымызға негізделген және қызметкерлерімізде адалдық, ашықтық және адамдарға деген құрмет сияқты қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған. Біз «Шелл» іскерлік қағидаларын» алғаш рет 1976 жылы жарияладық және концерн осы мінез-құлық стандарттарын өзіне міндет ретінде жалпыға жариялаған алғашқы жаһандық компаниялардың бірі болды.

Осы іскерлік қағидалар аясында біз бизнестің тұрақты дамуына үлес қосуға, қысқа мерзімді мақсаттардың және ұзақ мерзімді мүдделердің тепе-теңдігін қамтамасыз етуге және кешенді түрде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік факторларды бизнес шешімдерді қабылдау үдерісінде кешенді түрде ескеруге міндеттенеміз.

Барлық қызметкерлерімізден, мердігерлерімізден, сонымен қатар бізбен бірлескен кәсіпорындар аясында жұмыс істейтін тараптардан біздің іскерлік қағидаларымызды сақтауын күтеміз. Бізбен жұмыс істейтін жеткізуші компаниялар тарапынан, «Шелл» оператор болып табылмайтын бірлескен кәсіпорындар тарапынан осындай қағидалардың сақталуын қолдаймыз.

«Шелл» жалпы іскерлік қағидаларын жүктеу

«Шелл» жалпы іскерлік қағидаларының орыс тіліндегі нұсқасын жүктеу

Іскерлік этика кодексі

«Іскерлік этика кодексі» — заңдар мен нормативтік актілерді сақтау, сондай-ақ әріптестермен, клиенттермен және жергілікті тұрғындармен бірге жұмыс істеу туралы кеңестер берілген практикалық нұсқаулық.

Біз сақтауға тиіс нормативтік талаптар ешқашан мұншалықты күрделі және қатаң болған емес. «Шелл» іскерлік этика кодексі» қызметкерлерімізден сақтауын күтетін ережелерді түсіндіреді және қандай іс-әрекет бағытын ұстануға тиіс екендерін көрсетеді.

«Іскерлік этика кодексі" мынадай кіші бөлімдерден тұрады: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес», «Ішкі және халықаралық сауда», «Адам құқығы және өнеркәсіптік қауіпсіздік», «Құпиялық және деректерді қорғау», «Зияткерлік меншік» және басқалар.

Iскерлік этика кодексін жүктеу