Бүгінгі әлем қызықты да серпінді, әрі қарқынды дамуда. Бүкіл әлемнің өмірі жақсаруы үшін, қазіргі жүйелердің негізінде жаңа энергетикалық жүйелерді қалай дамытуға болады? Біздің ойымызша, тек қана бірлесіп күш салыссақ, инновациялық технологиядарды пайдаланып, болашаққа оптимизммен қарап, қоғамның барлық мүшелерімен серіктестік құру арқылы ғана біз болашағымызды бүгіннен бастап құра аламыз. Бұл бүкіл ғаламдық энергетикалық мәселесі. Оның жаңа шешімдерін табу үшін, біз жас мамандарды «Student Energy Challenge» байқауына қатысуға шақырамыз.

2017 жылдың 5 маусымында «Students Energy Challenge» интеллектуалды ұжымдық байқауға тіркелу аяқталды. Тіркелу мерзімінің аяқталуына дейін Қазақстанның 20 жоғары оқу орындарынан техникалық мамандықтардың студенттері қатысқан 47 топтан сұранымдар қабылданды.

Байқауды жүзеге асыру мақсатымен жарияланған кезеңдеріне сәйкес, енді тіркелген топтардың таңдаған жобаларының бейнерезюмелері 2017 жылдың 22 маусымына дейін жіберілу керек. Солардың ішіндегі ең ұшқыр жобалар IX KAZENERGY Жастар форумы аясында 2017 жылдың 7-8 қыркүйегінде ұсынылып, 3 жеңімпаз топ анықталады.

Конкурс жеңімпаздарына (10 000 еуроға дейин) сыйақы беріледі және бұған қоса әлемнің жетекші мамандары техникалық/бизнес мастер-класс өткізеді (жеңімпаздардың оқу орнының барлық студенттері үшін).

Байқауға қатысты барлық ақпаратты біздің серіктесіміздің www.kazenergy.com сайтынан алуға болады.

 

Сондай-ақ, бұл бөлімде

Кім біз мұндай

Танысыңыз даму тарихымен бренд «Шелл», ол басталды, шамамен 200 жыл бұрын шағын дүкен ашылды.

Немен айналысамыз

Концерні «Шелл», біріктіреді, энергетикалық және мұнай-химиялық компания жұмыс істейтін 70-тен астам елдерде. Қызметкерлердің жалпы саны концернінің — 93 000 адам.