Морская буровая платформа в Каспийском море

«Каспий Меруерті Оперейтинг Компани Б.В.» компаниясы (бұдан әрі – КМОК) 2005 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (Құзыретті орган) мен Шелл РД Оффшор Венчурс Лимитед (қатысу үлесі 55%), «ҚазМұнайТеңіз» ТМК ЖШС (қатысу үлесі 25%) және Оман Перлз Компани Лимитед (қатысу үлесі 20%) арасындағы «Жемчужины» келісімшарттық аумағында Өнім бөлісу туралы Келісім (бұдан әрі – «Жемчужины» ӨБК) шеңберінде мұнай операцияларын орындау бойынша бірлескен операциялық компания болып табылады.

«Жемчужины» келісімшарттық аумағы Каспий теңізінің қазақстандық секторында орналасқан. Келісімшарттық аумақтағы теңіздің тереңдігі 7-10 метрді құрайды және осы аумақта Хазар және Әуезов деп аталатын орта юра дәуірінің мұнай қоры бар 2 құрылым табылған.

2015 жылы «Жемчужины» келісімшарттық аумағының бөлігін (Тұлпар және Нарын құрылымдары) ерікті қайтару рәсімі аяқталып, нәтижесінде «Жемчужины» аумағының жалпы көлемі 521 км² құрады.

«Жемчужины» ӨБК бойынша барлау жұмыстарының уақыты 6 жылды құрайды (2005-2011 жылдар). 2011 жылы Құзыретті орган «Жемчужины» ӨБК бойынша Барлау Кезеңінің 2013 жылғы 14 желтоқсанға дейінгі алғашқы созылуын бекітті. 2013 жылы Құзырлы орган Барлау Кезеңін 2015 жылғы 14 желтоқсанға дейін екі жылға Екінші рет ұзартуға рұқсат берді. 2015 жылдың желтоқсанында Құзырлы орган «Жемчужины» ӨБК бойынша Барлау Кезеңін 2017 жылғы 14 желтоқсанға дейін ұзартуды мақұлдады. 

сондай-ақ, қараңыз

Нкок

«Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» («НКОК Н.В.») Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісім аясында Бірыңғай Оператор ретінде тағайындалды.