Jump menu

Main content |  back to top

News and Media Releases

Атырау облысында жаңа Қазақстан-Британ серіктестіктері құрылатын болады

2014 жылдың 20 мамырда өткен мұнай газ секторын материалды-техникалық қамтамасыз ету саласында өзара әрекеттесу мәселелері жөніндегі 7-ші Қазақстан-Британ Форумында Атырау облысында жаңа өндірістер құруға және өндірістік жабдықтарды құрастыруға мүдделі британдық және қазақстандық компаниялар арасында екі Ыңтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қою туралы хабарланды

Қазақстан - Битан Форумы дәстүрлі  Қазақстанда «Шелл» концернінің, Қазақстанда Ұлыбританияның Елшілігі жанындағы Сауда және инвестициялар жөніндегі Департаментінің (UKTI) және ҚР ИЖТМ Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC» АҚ) қолдауымен  2011 жылдан бері іске асырылып келе жатқан британ және қазақстан компаниялары арасында мұнай газ секторын материалды-техникалық қамтамасыз ету саласында серіктестіктер құруға жәрдемдесу бойынша бірлескен бағдарламасы аясында өткізіледі.

Қазақстанда және Орталық Азияда сауда мәселелері жөніндегі Ұлыбританияның Премьер-министрінің Сауда өкілі Чарльз Хендри басшылық жасайтын Форумдағы Ұлыбританияның іскерлік делегациясы 42 компанияның өкілдерін қамтиды.

Форум қатысушыларына шағын және орта бизнестің кәсіпорындарының серіктестіктерін дамыту үшін қолайлы шарттар жасауға бағытталған ұсыныстарды қамтитын «Қазақстанның мұнай игеруші секторында ШОБ кәсіпорындары үшін инвестициялық климаты жақсарту» сараптамалық баяндама ұсынылды.

В Атырауской области будут созданы новые Казахстанско-Британские партнерства

Форум қатысушыларына арналған баяндамасында «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC») Төрағасы  Қайрат Бектүргенев бағдарламаның оң қарқынын және оны іске асыру барысында осы кезде қол жеткізген нәтижелер туралы айтып берді. « 2011 ж. бастап  23 серіктестіктердің айналымы шамамын 150 миллион АҚШ долларын құрады. Осындай өзара әрекеттесудің серпінді өсуін айтып өткім келеді. Қазіргі кезде 62 серіктестіктерді құру бойынша келіссөздер жүріп жатыр, оның ішінде 35 бұл шағын және орта бизнес.

Барлығы сәтті болған жағдайда,  2020 ж. дейін серіктестіктер айналымы  2,5 млрд. долларды құрайтын болады және 20 000 дейін жаңа жұмыс орындары жасалады. Форумның басты қорытындысы жергілікті өндірушілер мен шетелдік инвесторлардың байланыстарын кеңейту деп есептеуге болады», - деп мәлімдеді  «Жергілікті қамтуды дамытудың ұлттық агенттігі («NADLoC») Төрағасы  Қайрат Бектүргенев.

Чарльз Хендри: - Ұлыбритания және Қазақстан арасында іскерлік байланыстарды кеңейту Ұлыбритания және Қазақстан арасында ынтымақтастықты дамыту бойынша біздің жұмысымыздың ажырамас бөлігі болып табылады.

Біз бұдан әрі де практикалық тәсілді қолдануға ниеттіміз, ал бұл серіктестіктер инвестициялар тартудың тиімді тәсілі болып табылады, ал ол, өз кезегінде мұнай газ секторын материалды-техникалық қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын құру саласында өзара әрекеттесуді кеңейтуге алып келеді,- деді.

В Атырауской области будут созданы новые Казахстанско-Британские партнерства

Қазақстанда «Шелл» концернінің өкілі  Кэмпбелл Кир атап өтті:  «Шағын және орта бизнес кәсіпорындары мұнай газ секторын материалды-техникалық қамтамасыз ету саласында өзара тиімді әрекеттесу негізін құрайды. Біздің бағдарлама аясында біз тәжірибелік ұсыныстар мен халықаралық тәжірибені қамтитын баяндама дайындадық. Біз бұл тәжірибе Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау шараларын әзірлеу жөніндегі жұмысына пайдалы болады деп сенеміз».

Қазақстанда Серіктестіктерін ашқан Wood Group, Worley Parsons және Fluor UK секілді Ұлыбританияның ірі компаниялары технологияларды өткізу және жергілікті кадрларды даярлау бағдарламасы арқылы өздерінің жергілікті кадрларын дамытуды жалғастырып отыр.  Форум аясында мамандандырылған жұмыс сессиясы өткізілді, оның барысында бұл компаниялар өздерінің тәжірибелерін өткізді және жергілікті қамтудың маңыздылығын ескере отырып, нарықта табысты бизнес жүргізу туралы ақпаратты ұсынды.   

Редакторлар үшін ескертпе:

•    2011жылдан бері бекітілген 23 серіктестіктердің айналымы шамамен  150 миллион АҚШ  долларын құрады. 2020 жылы айналым 2,5 миллиард АҚШ  долларынан асып түседі, ал жасалған жұмыс орындарының саны  20 000-ға жетеді деп болжанады.

•    Бүгінгі күні бекітілген Серіктестіктердің көпшілігі Атырау облысында орналасқан.

•    Қалыптасу процессінде тұрған 62 Серіктестіктер шағын және орта бизнестің 35 кәсіпорнын қамтиды (қызметкерлер саны 250 адамнан аспайды).

•    2014 жылдың 20 мамыр күні William Hare и SGT және Advanced Insulation және Aksai Industrial Park арасында Өзара Ыңтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылды.

•    Компаниялар арасында серіктестіктер әртүрлі форматтарда іске асырылады: бірлескен кәсіпорындарда үлестік қатысу,  франчайзинг, ынтымақтастық туралы ұзақ мерзімді келісімдер.

•    Қазақстанда Ұлыбританияның Елшілігі жанындағы Сауда және инвестициялар жөніндегі Департаментінің (UKTI) экспортқа және инвестициялар тартуға жәрдемдесуге жауап беретін үкіметтік ведомство болып табылады. Департаменттің тұрақты өкілдігі атырау қаласында 8 жылдан бері орналасқан. 

Page Tools