Jump menu

Main content |  back to top

News and Media Releases

British Council және «Шелл» Ұлыбритания оркестрін қарсы алуда

Астанада British Council және Қазақстандағы «Шелл» компаниясының ұйымдастыруымен «Филармония» Оркестрінің концерті өтті.

9 қарашада Қазақ ұлттық өнер институтында  Air Astana компаниясының қолдау көрсетуімен  «Филармония» Оркестрінің British Council және Қазақстандағы «Шелл» компаниясы ұйымдастырған   концерті өтті. «Филармония» Оркестрінің концерті Ұлыбритания  Премьер-министрі Дэвид Кэмеронның 2013 жылдың шілдесінде Қазақстанға сапары шеңберінде жоспарланған Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыстарды нығайту бойынша іс-шаралар топтамасындағы алғашқы шаралардың бірі болып табылады.

Концерт бағдарламасына екі музыкалық туынды кірді, олар: белгілі қазақстандық актер Филип Волошиннің қатысуымен орындалған Игорь Стравинскийдің «Сарбаздың оқиғасы» аспаптық сюитасы және атақты британдық опера әншісі Кэтрин Харристің қатысуымен орындалған Уильям Уолтонның «Фасад» шығармасы. Концерт бүкіл әлем мойындаған дирижер  Робин О'Нилдің жетекшілігімен өтті.

«Біз Астанада «Филармония» оркестрінің концерті өткеніне өте қуаныштымыз. «Шелл» компаниясы өзі қызмет ететін көптеген елдерде мәдени бастамаларға үнемі қолдау көрсетіп отырады және британдық мәдениетке үлкен қызығушылықты байқатып отырған Қазақстан елінде осындай ауқымдағы мәдени іс-шараға қолдау көрсету біз үшін үлкен құрмет», - деп атап өтті Қазақстандағы «Шелл» компаниясының бас директоры Кэмпбелл Кейр.

«Біз өнер саласындағы ынтымақтастық Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, Қазақстанда мәдени саланың әлеуетін арттыруға көмектесетініне бек сенеміз. Біз осы бағытта «Шелл» компаниясымен ынтымақтасып отырғанымызға аса қуаныштымыз және осы концертті ұйымдастыруға қолдау көрсеткен біздің барлық серіктестерімізге алғысымыз үлкен», - деп атап өтті Қазақстандағы  British Council директоры  Саймон Уильямс.

«Филармония» оркестрі әлемдегі жетекші оркестрлердің бірі болып табылады. Британдық классикалық музыка саласында мойындалған новатор болып табылатын және музыкалық жазбасының таңғаларлық тарихы бар «Филармония» Оркестрі туындыны орындау сапасымен және де музыка саласында ең соңғы технологияларды пайдалану арқылы жаңа тыңдармандар тобын тартуға қатысты инновациялық тәсілдерді ұстануымен атағы шыққан. Әлемнің ең әйгілі музыканттарымен, оның ішінде оркестрдің шығармашылық жетекшісі болып табылатын дирижер Эса-Пекка Салоненмен ынтымақтастық жасауының арқасында «Филармония» оркестрі Британияның саз әлемінің ордасына айналып отыр.

welcome orchestra of great britain
welcome orchestra of great britain
welcome orchestra of great britain
welcome orchestra of great britain

Page Tools