Jump menu

Main content |  back to top

News and Media Releases

«Шелл» және «ҚазМұнайГаз» Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

«Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-техникалық дамуы жол картасын» іске асыру аясында Өзара түсіністік меморандумына қол қою

2013 жылғы 9 қазанда, KAZENERGY VIII Евразиялық форумының аясында «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-техникалық дамуы» атты дөңгелек үстелі отырысы барысында «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-техникалық дамуы жол картасын» іске асыру аясында кен орындарының геология-физикалық сипаттамалары саласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» компаниясы араларында Өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі өтті.

Іс-шараға қатысқан «Шелл Қазақстан Девелопмент Б.В.» бас директоры Кемпбелл Кир: «Шет ел инвесторлары кеңесінде алған міндеттемелерімізге бойынша «Шелл» және ҚМГ бірлесе отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Жол картасын» іске асырылуына бірінші болып кірісуіне қуаныштымын.» - деп атап өтті.

Өз кезегінде ҚМГ тарапынан меморандумға қол қойған «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Инновациялық даму және сервистік жобалар бойынша Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, аталған Жол картасын Қазақстанның мұнай-газ саласының дамуына бағдар болып, отандық бизнес пен ғылымға кепілді тапсырыс пен болашақ жоспарларының негізі болатындығын атады.

Қол қойылған құжат, пластты флюидтер сапасын зерттеумен байланысты «Жол картасында» айқындалған 15 басымды технологиялық міндеттердің бірін толыққанды пысықтауды қарастырады. Меморандум аясында, Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағындағы Қазақ мұнай және газ институтының Ғылыми-зерттеу орталығының Геохимиялық лаборатория негізінде геохимиялық зерттеулер жүргізу үшін материалды-техникалық база құру перспективасын қарастыру жобалануда.

Мәлімет үшін:

2013 жылдың мамыр айында «Шелл» концернінің координациясымен, және де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚМГИ», «ҚБТУ» және «ҚазҰТУ» қатысуымен, сонымен қатар мұнай-газ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстанның мұнай-газ саласындағы өндіру секторының ғылыми-техникалық дамуы жол картасын» әзірлеу аяқталды.

Аталған жоба Қазақстанның 300-ден аса мұнай-газ қоғамдастығын біріктіріп сектор дамуының ұжымдық пікірін көруге жол ашты. Аталған бастаманың қорытындылары Шетел инвесторлары кеңесінің 26 - Бірлескен мәжілісінде таныстырылды. Алға қойылған технологиялық міндеттердің іске асырылуы Қазақстанға және жалпы салаға экономикалық тиімді әсер көрсетіп, бірнеше миллиардтаған долларға пайда әкеледі.

«Жол картасының» маңыздылығын Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атап өтіп, Үкіметке оның іске асырылуын тапсырды, және шет ел инвесторларын қойылған технологиялық міндеттердің іске асырылуына қатысуға шақырды.

Shell Memorandum Image
Shell Memorandum Image
Shell Memorandum Image

Page Tools