Jump menu

Main content |  back to top

News and Media Releases

Технологиялық дамудың Жол картасы іске асырылуға дайын

«Шелл» концернінің Жобалар мен Технологиялар жөніндегі директоры Маттиас Бихсель 22 мамыр күні Астана қаласында ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалық етуімен өткен Шетел инвесторлар кеңесінің 26-шы Пленарлық отырысына қатысты.

Өзінің аталмыш отырыста сөйлеген сөзінде Маттиас Бихсель «Шелл»-дің мұнай-газ саласындағы серіктестерімен 2 жыл ішінде бірлескен түрде жүргізілген «Қазақстанның мұнайгаз саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың Жол картасын» әзірлеу жұмысы сәтті түрде аяқталды деп хабарлады. 

Дорожная карта технологического развития готова к реализации

 

Қазақстанның мұнайгаз саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың Жол картасы халықаралық және қазақстандық компаниялар мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының, ҚМГ,  ҚМГИ, ҚБТУ, ҚазҰТУ-дың бірлескен жұмысының нәтижесі болып табылады. 100-ден астам салалық сарапшылар Жол картасын әзірлеуге қатысты.

Сараптамалық топтардың, техникалық семинарлардың және пәндік дискуссиялардың жұмысына қатысқан сала өкілдерінің жалпы саны 300 адамға жетті. Сондай-ақ, жоба «Шелл» концернінің Жобалар және Технологиялар жөніндегі бөлімшесінің жаһандық ресурстарын пайдаланды.

Жүйелі түрдегі әріптестіктің нәтижесінде мұнай-газ саласының кен өндіру секторының алдында 2025 жылға дейін қойылған басымды технологиялық міндеттер белгіленіп, қаралып және бағалаудан өткізілген болатын.

15 басымды технологиялық міндет анықталып, олардың ықтимал технологиялық шешімдері белгіленіп, технологиялық мәселелерді шешудегі олардың тиімділігіне және оларды Қазақстанда ендірудің тартымдылығына баға берілді.

Бұл бағалау сондай-ақ, қажетті кәсіби-техникалық кадрларды дамыту үшін жергілікті өндірушілер және ҒЗИ мен саланың қатысуы үшін мүмкіндіктерді ескерді.

Дорожная карта технологического развития готова к реализации

Бихсель мырзаның айтуынша, тиісті технологияларды талап етілетін мерзімде енгізген жағдайда белгіленген 15 басымды технологиялық міндетті шешу ісі едәуір табыс әкелуі мүмкін.

«Алдын ала бағалау әрбір технологиялық міндетті шешу 2-ден 7,5 млрд. долларға дейінгі мөлшерде экономикалық нәтиже беруі мүмкін, ал жалпы пайда ондаған миллиард доллар құрауы мүмкін екендігін көрсетеді», - деп хабарлады «Шелл» концернінің Жобалар мен Технологиялар жөніндегі Директоры.

Бихсель мырза қатысушылардың барлығына осы Жобаны сәтті түрде аяқтауға қосып отырған маңызды үлесі үшін алғыс айтып өз ризашылығын білдірді.

Дорожная карта технологического развития готова к реализации

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің айтуынша: «Мысалы, мен Шелл компаниясын атап кеткім келеді. Оның үйлесімдеуімен 2025 жылға дейінгі Мұнай-газ саласының кен өндіру секторын ғылыми-технологиялық дамытудың Жол картасы әзірленді.

Бұл құжатта саланы дамытудың қадамдық жолы, жобаларды жүзеге асыру мен ғылыми ізденістерді жоспарлау белгіленген. Отандық кәсіпкерлер мен ғалымдар үшін – бұл орасан зор потенциал және кепілдендірілген тапсырыс.

Үкіметке, «Самрұқ-Қазына» қоры мен КазЭнерджи қауымдастығына осы Жол картасының практика жүзінде іске асырылуын ұйымдастыру қажет».

«Жол картасының он бес бағытының бірімен Шелл компаниясы өзі айналысуға дайын. Мен шетел инвесторларын өзге бағыттарды іске асыру ісіне қатысуға шақырамын. Өз тарапынан Үкімет инновацияларға деген сұранысты тудыру үшін жүйелік шаралар қабылдайтын болады» - деді Президент.

 Фото Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сайтынан алынған.

Суретте: Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың ғылыми және инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Е.И.Кульдеев пен «Шелл» компаниясының өкілдері: «Қазақстанның мұнайгаз саласындағы өндіру секторын ғылыми-технологиялық дамыту Жол картасы» жобасының басшысы - Анатолий Леонтьевпен, «Шелл» технологиясын ендіру жөніндегі менеджер – Мохамед Хашеммен, «Жол картасы» жобасының шеф-редакторы – Билл Клюзбен жұмыс кездесуі. Фото Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сайтынан алынған.

 Фото Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сайтынан алынған.

Суретте «Шелл» компаниясының өкілдері (солдан оңға қарай): «Жол картасы» (Фаза 4) жобасының техникалық басшысы – Энди мак Гинн, Абзал Жанабаев – аудармашы, «Қазақстанның мұнайгаз саласындағы өндіру секторын ғылыми-технологиялық дамыту Жол картасы» жобасының басшысы - Анатолий Леонтьев, «Шелл» технологиясын ендіру жөніндегі менеджер – Мохамед Хашем. Фото Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ сайтынан алынған.

Қазақстанның мұнайгаз саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың Жол картасы туралы түпнегіз ақпарат:

• Қазақстанның мұнайгаз саласының өндіруші секторын ғылыми-технологиялық дамытудың Жол картасы бастамасы президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық еткен 2009 жылы өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші пленарлық отырысында «Шелл» концернің халықаралық жобаларды атқарушы Директоры Малкольм Бриндед тарапынан ұсынылды.

Аталған Кеңесте Малкольм Бриндед бизнеске негізделген және басты индустриялық қажеттіліктерді көздейтін ғылыми зерттеу және дамыту басымдылықтарымен ғылыми зерттеу және дамыту бойынша қандай жолды ұстанудағы «Шелл» пікірін ортаға салды.

Нәтижесінде, «Шелл»  Қазақстан мұнай және газ саласының технологиялық дамуы бойынша Контурлық Жоспар жасау бастамасын қолға алды.

• 2010 жыл бойына, Қазақстандағы «Шелл» концерні Қазақ мұнай және газ институтымен бірлесіп, Жобалар мен Технологиялар бөлімінің қолдауымен Қазақстан мұнай және газ саласының технологиялық дамуы бойынша Контурлық Жоспары бойынша жұмыс жүргізді.

Қазақстандағы «Шелл» концернінің толық және қорытынды есебінде елдің мұнай және газ кәсіпшілігіндегі 100-ден астам техникалық күрмелі мәселелер сипатталып, басымды технологиялық мақсаттар анықталды.

• 2011 жылғы мамыр айында, «Шелл» концернінің Жобалар мен Технологиялар жөніндегі Директоры Матиас Бихсель Астана қаласында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық отырысына қатысып, ҚР Президентіне Қазақстан мұнай және газ саласының технологиялық дамуы бойынша Контурлық Жоспары табысты аяқталғанын жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концерні осы маңызды бастаманы қолға алудағы белсенділігін ерекше атап өтіп, Маттиас Бихсельдің Қазақстан мұнай және газ кәсіпшілігі үшін бір адым алға аттап, ғылыми-технологиялық дамытудың Жол Картасын дайындау жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді.   

Page Tools