Jump menu

Main content |  back to top

News and Media Releases

Қазақстан Президенті "Шелл" концернінің бас атқарушы директорын қабылдады

Кездесуде Қазақстан мен компанияның еліміздің мұнай-газ саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Мемлекет басшысы «Шелл» компаниясы республиканың мұнай-газ саласындағы ерекше мәні бар инвесторының бірі екенін атап өтті.

- Концерн бірқатар мұнай-газ кен орындарына, оның ішінде Қашаған тәрізді ірі кен орнына зерттеу жүргізуде Қазақстанның маңызды серіктесі болып саналады.

Біз осы кен орындарын одан әрі зерттеу мәселесін және компанияның біздің еліміздегі жұмысының келешегін талқылауға тиіспіз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

П.Возер кездесу үшін алғысын айтты және бұл оның Қазақстан астанасына алғашқы сапары екенін атап өтті.

- Бүгінде біздің компания Қазақстанда жемісті жұмыс істеп жатыр. Біз өзара тиімді ынтымақтастығымыз одан әрі жалғасын табады деп үміттенеміз, - деді «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры.

П.Возер Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын үлкен жетістіктерімен – Астанаға ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізу құқығының берілуімен құттықтады.

Page Tools