«Шелл» Түркістан қаласында «Мектептерге күн энергиясы» жобасын іске қосты

21 сәу. 2023

«Шелл Қазақстан» компаниясы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымымен бірлесіп Түркістандағы NIS базасында «Мектептерге күн энергиясы» жобасын іске қосты.

«Шелл Қазақстан» еліміздің үш облысында экологиялық жобаларды қаржыландырмақ

18 қаң. 2023

«Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, экологиялық мәселелерді шешуге үлес қосуды көздейтін үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында «EcoBatys 2.0» байқауын жариялайды. Конкурс жеңімпаздары экологиялық жобаларды жүзеге асыру үшін қомақты гранттарға ие болады. 2022 жылы жобаның сәтті пилоттық іске қосылуынан кейін ұйымдастырушылар экологиялық бастамаларды қолдауды биыл да жалғастыруды ұйғарып, 16 қаңтарда байқаудың басталғанын жариялады.

«Student Energy Challenge» және «Student Energy Challenge-Junior» байқауларының жеңімпаздары анықталды

29 қыр. 2022

2022 ж. сәуір айында «Шелл Қазақстан» компаниясы «KAZENERGY» Қауымдастығымен серіктесе отырып, ЖОО студенттері арасында өтетін «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауының алтыншы маусымын, ал Қазақстанның колледж студенттері қатысатын «Student Energy Challenge-Junior» байқауының екінші маусымын іске қосты. Бұл байқаулар энергетика, мұнай-газ және кен өндіру, қоршаған ортаны қорғау/экология салаларын қамтитын идеяларды әзірлеуге бағытталған. Биыл сайыстың іріктеу кезеңдерінде командаларға қолдау көрсету үшін Шелл Тәлімгерлік бағдарламасы қосымша ұсынылды.

Экологиялық бастамалар байқауының жеңімпаздары анықталды

12 сәу. 2022

«Шелл Қазақстан» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының батыс өңірлерінен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасында "EcoBatys" конкурсының финалистерін іріктеуді аяқтады. Нәтижесінде конкурстың он бес жеңімпазы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін әрқайсысы төрт миллион теңге мөлшерінде грантқа ие болды.

«Шелл Қазақстан» тұрғындардың экологиялық бастамаларын іске асыруға арналған әлеуметтік бағдарламаға 60 млн теңге бөледі

14 ақп. 2022

«Шелл Қазақстан» компаниясы экологиялық жобаларды іске асыру мақсатында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, экологиялық міндеттерді шешуге өз үлесін қосқысы келетін үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) гранттар ұсынуға арналған «EcoBatys» конкурсын жариялайды. Конкурс 2022 жылдың 14 ақпанында Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында басталады.

«Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауының нәтижелері

29 қыр. 2021

Үстіміздегі жылдың 23-24 қыркүйек күндері «KAZENERGY» қауымдастығы мен «Шелл Қазақстан» компаниясы Қазақстан Республикасының барлық аймағынан қатысқан колледж оқушылары арасында өткізілген тұңғыш «Student Energy Challenge-JUNIOR» байқауының ақтық сынын өткізді. Онлайн режимде өткізілген байқаудың финалдық кезеңіне өтініш берген 45 командадан 18 команда іріктелініп алынған еді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Шелл Қазақстан Б.В.» арасындағы ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қою туралы баспасөз хабарламасы

03 қыр. 2021

Бүгін, қыркүйектің 3-і күні, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ») және «Шелл Қазақстан Б.В.» компаниясы (бұдан әрі – Шелл) көміртекті анықтау, кәдеге жарату және сақтау технологияларын (CCUS) дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне ҚМГ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев және «Шелл» концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Херман Бурмейстер қатысты.

«Шелл Қазақстан» компаниясының жаңа басшысы туралы мәлімдемесі

31 мам. 2021

Шелл Қазақстан қазіргі таңда «Шелл» компаниясының Бразилиядағы вице-президенті Херман Бурмайстер мырзаның 2021 жылдың 1 тамызынан бастап Қазақстандағы Шелл концернінің басшысы қызметіне кірісетінін хабарлайды. Осы лауазымда ол «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» кәсіпорны басқарушы директоры қызметіне тағайындалған Оливье Лазар мырзаны алмастырады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СТАРТАП ИННОВАЦИЯЛАР САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ ШЕЛЛ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

17 қар. 2020

«Kunde Social Café» жобасының негізін қалаушысы Мәулен Ахметовтың «Shell LiveWIRE» кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасының аясында өткен Шелл концернінің «Ең үздік он новатор» жаһандық байқауының жүлдегері ретінде атанғанын хабарлауға аса қуаныштымыз. Аталмыш байқаудың мақсаты – инновациялар саласында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген компанияларға қолдау көрсетіп, оларға халықаралық деңгейде көрінуге мүмкіндік беру.

«Батыс Қазақстан облысының қауіпсіз жолдары» жобасының екінші кезеңі ресми түрде басталды

07 қаз. 2020

2020 ж. 1 қазанында Орал қаласында БҚО билік өкілдерінің, халықаралық серіктестің, «Шелл Қазақстан», «Эни», «EASST» секілді жоба демеушілерінің және басқа да мүдделі тараптардың қатысуымен «БҚО қауіпсіз жолдары» жобасы екінші кезеңінің ресми ашылуына арналған онлайн форматтағы «Дөңгелек үстел» өтті.

Shell LiveWIRE бағдарламасы түлектері болып табылатын екі қазақстандық кәсіпкердің жобалары Шелл концернінің жаһандық «Ең үздік он инноватор» байқауының ақтық сынына өтті

09 қыр. 2020

Shell LiveWIRE бағдарламасы түлектері болып табылатын екі қазақстандық кәсіпкердің стартаптары Шелл концернінің жаһандық «Ең үздік он инноватор» байқауының ақтық сынына өткенін қуанышпен хабарлаймыз.

Shell LiveWIRE аясында жүзеге асырылып жатқан ABC Incubation X TCA бағдарламасы жаздық маусымның екінші кезеңін қорытындылады

11 там. 2020

Назарбаев Университетінің инновациялық кластері (NURIS) ұйымдастыратын «ABC Incubation X TCA» бизнес инкубациялау бағдаламасы осыдан бірқатар жыл бойы дүние жүзі бойынша 1982 жылдан бері 9,2 млн.

Қазақстандағы COVID-19 індетіне қатысты жағдайға байланысты қызметкерлерді ел аумағынан тыс жерге жіберу туралы «Шелл Қазақстан» компаниясының хабарламасы

06 шіл. 2020

«Шелл» компаниясы үшін қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі ең маңызды басымдылық болып табылады.

«Student Energy Challenge» байқауына қатысушы командалардың «Shell NXplorers» онлайн-тренингіне қатысуы туралы

05 шіл. 2020

2020 жылғы ақпанда басталған, жалпы сыйақы қоры 18 мың АҚШ долларын құрайтын «Student Energy Challenge» байқауы (Байқау) қалыптасқан ғаламдық жағдайға қарамастан «Shell NXplorers» тренингті қамтитын келесі кезеңдерін жоспарлы түрде жалғастырады.

“Student Energy Challenge” байқауына қатысушылардың назарына!!!

25 мау. 2020

 «Student Energy Challenge» - 2020 байқауының келесі кезеңіне қатысуды жалғастыратын командалар анықталды

Пандемия жағдайында аман қалу үшін шағын және орта бизнес цифрлық біліктілікті арттыруы қажет

18 мау. 2020

2020 жылдың 18 маусымында «Карантиннен кейінгі бизнес: дағдарыс кезінде қалай бейімделу керек?» тақырыбы бойынша онлайн бизнес-конференция өтті. Бұл шараны Еуропа қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) «Шелл Қазақстан» компаниясымен бірлесіп "Shell LiveWIRE" ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге арналған бағдарлама аясында ұйымдастырды.

Shell LiveWIRE бағдарламасы қазақстандық кәсіпорындарға дағдарыстан кейінгі кезеңде бейімделуге көмектесуде

28 мам. 2020

Нұр-Сұлтан қаласы - Бүгін машина жасаушылар үшін «Трансформация: жаңа жағдай шарттарында бизнеске жаңа көзқарас» атты онлайн-конференция өтті. Шара Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) бірлесіп Shell LiveWIRE бағдарламасының шеңберінде ұйымдастырылған еді.

Демеушілер Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталық үшін COVID-19 пандемиясымен күресу мақсатында медициналық жабдық сатып алды

27 сәу. 2020

COVID-19 коронавирустік инфекциясымен ауырғандарды емдеуге жәрдем беру мақсатында “Шелл Казахстан”, “Эни”,  “ИНПЕКС Норт Каспиан Си Лтд.”, “Тотал”, “ЛУКОЙЛ”, “Камеко Қазақстан”, “Эр Ликид”, “Такеда”, Фрипорт-МакМоРан секілді Қазақстанда жұмыс істейтін бірқатар шетелдік инвестор және Қазақстан Республикасындағы “Шетелдік инвесторлардың Қазақстандық кеңесі” қауымдастығының өкілдігі Нұр-Сұлтан қаласындағы көпсалалы медициналық орталыққа (КСМО) интенсивті терапия үшін заманауи жабдық пен жеке қорғану құралдарын сыйлық ретінде тапсырды.

«Student Energy Challenge»-2020

10 сәу. 2020

2017 жылы «Шелл Қазақстан» компаниясы «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп ерікті әлеуметтік инвестициялар аясында жыл сайынғы «Student Energy Challenge» зияткерлік командалық байқауын (әрі қарай - Байқау) бастаған болатын. Үстіміздегі жылы ұйымдастырушылар энергетика саласындағы өзекті жаһандық және жергілікті мәселелерді шешу бойынша ең жарқын идеялардың авторлары болып табылатын қазақстандық студенттерді қайтадан біріктірді.