Jump menu

Main content |  back to top

ЖАҢАЛЫҚТАР 2012

Ертеңгі жарқын күндер үшін

28 шілде, сенбі күні, «Жұлдыз» ҮЕҰ мен Ақкөл аймақтық балалар үйі, Қазақстандағы «Шелл» еріктілері «Қазақстан – біз сенің балаларың. Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» әлеуметтік бағдарламасына қатысты.

Ақкөл үйінің 30 астам балалары, мұғалімдер, ҮЕҰ тобы мен Қазақстандағы «Шелл» еріктілері мен олардың отбасылары жас қиял елесін жандандыру мақсатында күні бойы бірге ойындар ойнап, қаладан тыс экскурсияларды өткізді.

Қазақстандағы «Шелл» 2012 жылы жас өспірімдердің сәтті әлеуметтік бейімделуіне, ерте кәсіптік бағдарлануына және патриоттық тәрбиесіне негізделген «Жұлдыз» ҮЕҰ-ң бірнеше әлеуметтік бастамаларын қолдады. «Балалар үшін» бағдарламасы бұл жобада ерекше рөл атқарады. Бағдарлама қиын өмірлік жағдайдағы, қамқоршысыз қалған және жетім балаларға көмектесуге арналған.

Сенбі бағдарламасына балалар жетістіктерінің көрмесі, өзін-өзі басқару жетекшілерінің жиналысы, «Актан Таймс» медиа орталығының жас тілшілерінің, аниматорлардың, дизайнерлердің және жас қолөнершілердің қатысуымен өтетін өнерпаздық үйірмесіне қатысу кіреді.

Күн тәртібіне, сондай-ақ, Ақкөл ауданындағы орналасқан Талқара ауылындағы әсем әрі сирек кездесетін мекендеріне және Республикалық ғарыш байланыс орталығына бару кіреді.

Талқара ауылына барғанда кішкентай қонақтар өздерін ертегідей ағаш сарайы мен арнайы жануарлары бар  шынайы патшалықта болғандай сезінді. Қонақтардың барлығы дәмді үй тамағы мен тәттілерден дәм татты. Демалыс шынымен көңілді өтті! Көп ризашылық пен қуаныш сөздері айтылды.

Барлық демеушілерге, Елена Дмитриенко, «Жұлдыз» ұйымының президенті, алғыс білдіре отырып, «Ғарыш орталығына бару, қолданыс барысында ұлттық жерсерік байланысты бақылауды қарау және жаңа ақпараттық технологиялар туралы біліп алу өткізген күннің шынымен аса жарқын кездері болды!» деп пікір білдірді. 

Сапардың соңында Ғарыш байланыс орталығының бастығы, Шоқан Свогузов, балаларға ғарыш белгілері бар жазба блокнот мен қаламын сыйлады. Ал балалар, өз кезегінде, Орталыққа Ақкөл үйінің өнері жинағынан әсем орман пейзажы бейнеленген суретті сыйлық ретінде берді.

place Holder