Jump menu

Main content |  back to top

Жаңалықтар 2012

«Шелл»-мен бірге Балалықтың қауіпсіз жолдары

19 мамырда Астанада, Қазақстандағы «Шелл», ІІМ Жол полициясы комитетімен бірге, Астана қ. жолдарындағы балалар жарақатының алдын алу бойынша «Балалықтың қауіпсіз жолдары» атты ауқымды акция өткізді.
«Шелл»-мен бірге Балалықтың қауіпсіз жолдары

Жыл сайын Қазақстанда мыңнан астам бала жол-көлік оқиғаларына ұшырайды. Балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында ұйымдастырушылар мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балалар үшін театрландырылған көрініс ұйымдастырды.

Бағдарламаға викториналар, конкурстар, сондай-ақ, Жол қозғалысы еліне саяхат енгізілді, онда балаларды жолда қауіпсіз тәртіп дағдыларын бекітуге бағытталған қызықты ойындар күтіп тұрды.

Акцияның аяқталуы бойынша барлық кішкентай қатысушыларға сыйлықтар – Жол қозғалысы ережесі бойынша үйретуші он-лайн ойындар, ал ата-аналарға – жолды одан сайын қауіпсіздендіруге болатындай кеңестері бар әдемі брошюралар тапсырылды.

ІІМ Жол полициясы комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Лукьянинаның сөзіне қарағанда, зерттеулерге сәйкес ЖКО-да зардап шеккен балалардың көпшілігін жол «қақпаны» деп аталатын алдамшы қауіпсіздік жағдайларындағы қайталанатын жағдайларда автомобильдер соққан.

Ол: «Мысалы, көбінесе, тоқтап тұрған машинадан кейін қозғалыста басқа жасырынып тұрған машина болады. Жол «қақпанынан» шығудың тәсілі дәл ойын арқылы жүру бөлігін қауіпсіз еңсеруді балаларда қалыптастыру жүйесі және практикада ойын дағдыларын бекіту болуы мүмкін. Бұл мектеп каникулдарының басталуы алдында өте көкейкесі», - деп атап өтті.

Өз кезегінде Қазақстандағы «Шелл»-дің сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Антон Рущаков былай деп атап өтті: «Шелл» үшін жол қозғалысының қауіпсіздігі – бұл жол қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ауқымды жоба.

Біздің жобаның мақсаты ата-аналардың балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жолдағы қауіпсіздік тәртібіне үйретудің маңыздылығына назарын аударту және біз ата-аналар мен балалардың осы акцияға өздерінің қатысуы танымды және пайдалы болады деп сенеміз».

«Шелл»-мен бірге Балалықтың қауіпсіз жолдары

Бұдан өзге, 28 мамыр – 11 маусым аралығында Қазақстандағы «Шелл» ҚР ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығымен және «Жұлдыз» балалар қоғамдық бірлестіктер одағымен бірлесе отырып, жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі тағы бір жобаға – Жол қозғалысы жас инспекторларының (ЖҚЖИ) 12-ші республикалық слетіне қолдау көрсетті.

Слет барысында ЖҚЖИ мектеп отрядының жұмысын ұйымдастыру, ЖКО кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі оқыту тренингтері, ал жол полициясы қызметкерлері үшін – балалар жол-көлік жарақатының алдын алу мәселелері бойынша бірқатар семинар-кеңестер және Ресейлік әріптестермен жұмыс тәжірибесін алмасу ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, балалар өткен оқу жылы үшін жұмыс қорытындысын шығарды, жол қиылысындағы қозғалысты реттеудегі өз қабілеттерін және жол полициясы қызметінің қалыптасу тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Жарыстарға Қазақстанның әртүрлі өңірлері мен ТМД елдерінен 170 бала қатысты.

Ал Сіз білесіз бе …*

• Ресми деректер бойынша 2012 жылдың 4 айы үшін Қазақстан Республикасының жолдарында 3 403 жол-көлік оқиғалары тіркелді, онда 591 адам қайтыс болды және 4 210 адам жарақат алды.

• Көптеген балалардың қайтыс болуымен және жарақат алуымен байланысты жағдай одан сайын күрделене түседі. Осы кезеңде автокөлік апаттарында 28 бала мен жасөспірім қайтыс болды және 553 бала мен жасөспірім әртүрлі деңгейіндегі дене жарақатын алды.

• Эксперименттік білім беру бағдарламасы көрсеткендей, мектеп сабақтары балаларға қала көшелерінде бағдарлануына жақсы көмектеседі және статистика көрсетіп отырғандай, балалардың қатысуымен ЖКО санын азайтуға мүмкіндік береді. Әсіресе, жас жүргіншілер мен жолаушыларды қорғау өте маңызды, өйткені, олар жол қозғалысының ең осал қатысушылары болып табылады.

• Жол қозғалысының қауіпсіздігі үшін жұмыс «Шелл» концернінің әлеуметтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі болып табылады. Концерннің компаниялары жұмыс істейтін көптеген елдерде жолдардағы жағдайды жақсартуға, мектеп оқушыларын жолдардағы қауіпсіз тәртіпке оқытуға бағытталған бағдарламалар жүзеге асыралады.