Jump menu

Main content |  back to top

Жаңалықтар 2012

Қазақстандағы «Шелл» концерні Технологиялық Жол Картасы Семинарын өткізді

6-7 маусымда Қазақстандағы «Шелл» концерні халықаралық және мемлекеттік мұнай компанияларынан, Қазақстандағы кен орындарының Операторларынан, қызмет көрсетуші компаниялардан, мемлекеттік органдардан және ғылыми-зерттеу институттарынан 120-дан астам өкіл қатысқан мұнай және газ кәсіпшілігінің барлау мен өндіру және зерттеу мен жетілдіру Жол Картасына арналған семинарын өткізді.
place Holder

Аталған семинар Қазақстандағы мұнай және газ кәсіпшілігінің зерттеу басым бағыттары саласы бойынша технологиялары мен ғылыми зерттеу және дамыту Жол Картасын жетілдіру үшін Голландиядағы және Индиядағы Жобалар мен Технологиялар топтарының қолдауымен «Шелл» концернің Қазақстандағы жүргізіліп жатқан жұмыстарына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылды. 

2 күндік семинар жетекші индустрия сарапшы мамандарына технологиялық қиыншылықтарды және көзделген салаларды талқылау үшін және басымдылық берілетін техникалық шешімдер бойынша пікір алмасуға, сонымен қатар технология жетілдіру және Қазақстандағы ғылыми зерттеу және дамыту мүмкіндіктерін қалыптастыру жөнінде ой бөлісуге тамаша тұғырнама болды.

Өздерінің техникалық-сарапшылық білімдері мен тәжірибелеріне қарай семинарға қатысқан мамандар технологиялық дамудың негізгі бес бағытын талқылау үшін бес бөлек жұмыс тобына бөлінді. Жұмыс топтарындағы талқылауларға «Шелл» концернің техникалық мамандары жетекшілік етіп отырды. Қорытынды бірлескен жиналысында, жұмыс топтары өз жұмыс нәтижелері бойынша есеп берді.  

Өзінің қорытынды баяндамасында Қазақстандағы «Шелл» концернінің төрағасы Кэмпбелл Кир былай деп атап өтті: «Мен бұл жұмысты толықтай қолдаймын.

Техникалық мамандар үшін техникалық мәселелерді талқылау және кәсіпшіліктегі жетілдіруді қажет ететін технологиялар мен әдіснамалар жөнінде пікір алмасу тұғырнамасында бас қосу маңызды. Осы жұмыстардың нәтижесі ҚР үкімет үшін технологиялар мен ғылыми зерттеу саласында басымдылық берілетін саясаттарды анықтауға көмектесетін индустриялық көзқарас болып табылады». 

Технологиялық Жол Картасы семинарының нәтижелері бойынша «сатылық есеп» дайындалып, бұл 2012 жылдың аяғында аяқталуы қажет ғылыми зерттеу және дамыту Жол Картасының іргетасы ретінде қолданылатын болады. 

Мұнай және газ кәсіпшілігінің барлау мен өндіру және зерттеу мен жетілдіру Жол Картасы туралы түпнегіз ақпарат:

• Қазақстан зерттеу және жетілдіру Жол Картасы бастамасы президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев төрағалық еткен 2009 жылы өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші пленарлық отырысында Қазақстандағы мұнай және газ кәсіпшілігінің зерттеу және жетілдіру басым бағыттары саласы бойынша «Шелл» концернің халықаралық жобаларды атқарушы директоры Малкольм Бриндед тарапынан ұсынылды.

Аталған Кеңесте Малкольм Бриндед бизнеске негізделген және басты индустриялық қажеттіліктерді көздейтін ғылыми зерттеу және дамыту басымдылықтарымен ғылыми зерттеу және дамыту бойынша қандай жолды ұстанудағы «Шелл» пікірін ортаға салды. Нәтижесінде, «Шелл»  Қазақстан мұнай және газ саласының технологиялық дамуы бойынша Контурлық Жоспар жасау бастамасын қолға алды. 

• 2010 жыл бойына, Қазақстандағы «Шелл» концерні Қазақ мұнай және газ институтымен бірлесіп, Жобалар мен Технологиялар бөлімінің қолдауымен Қазақстан мұнай және газ саласының технологиялық дамуы бойынша Контурлық Жоспары бойынша жұмыс жүргізді. Қазақстандағы «Шелл» концернінің толық және қорытынды есебінде елдің мұнай және газ кәсіпшілігіндегі 100-ден астам техникалық күрмелі мәселелер сипатталып, басты технологиялық мақсаттар анықталды. 

• 2011 жылғы мамыр айында, Жобалар және Технологиялар бөлімінің директоры Матиас Бихсель Астана қаласында өткен Шетелдік инвесторлар кеңесінің 24-ші пленарлық отырысына қатысып, ҚР Президентіне «Шелл» концернің ғылыми зерттеу және жетілдіру стратегиясын табысты аяқталғанын жеткізді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Шелл» концерні осы маңызды бастаманы қолға алудағы белсенділігін ерекше атап өтіп, Маттиас Бишельдің Қазақстан мұнай және газ кәсіпшілігі үшін бір адым алға аттап, зерттеу және жетілдіру Жол Картасын дайындау жөніндегі ұсынысына қолдау білдірді.   

• Қазақстандағы «Шелл» концерні 2011-2012 жылдары Жол Картасы жобасын жалғастырып, Жобалар және Технология бөлімінен 20 астам сарапшы маман және ел ішіндегі ғылыми-зерттеу институттарынан және іскерлік ортадан 100 астам маманды осы жобаға үлес қосуға жұмылдырды. 

Page Tools