Jump menu

Main content |  back to top

Бұл құпиялылық саясаты нені қамтиды?

Бұл құпиялылық саясаты, біздің сайттарымыздың біріне кіру кезінде жинақталған сіздің жеке мәліметтеріңізді пайдалануға қатысты ақпаратты береді.

Бұл құпиялылық саясаты біздің сайттарымыздың көпшілігімен пайдаланылады, бірақ құпиялылық саясаттарында аздаған өзгешеліктерді қажет ететін жағдайлар болуы мүмкін.

«Shell» сайтының өзгеше құпиялылық саясаты болғанда, ол құпиялылық саясаттың осы «Shell» сайтының жалпы құпиялылық саясатынан өзгеше екені айқын болады. «Shell» сайттарын аралаған кезде, өзіңіз кірген әр сайттың құпиялылық саясатымен танысыңыз және бұл құпиялылық саясаты барлық «Shell» сайттары үшін қолданылады деп ойламаңыз.

Сайтта жиналған жеке мәліметтерге кім жауапты?

Сіздің жеке мәліметтеріңіз ең соңында, Нидерландыда тіркелген, тіркеу нөмірі 27155369, тіркелген кеңсесі Carel van Bylandtlaan 30, 2596 HR The Hague, Нидерландыда орналасқан Shell International B.V. компаниясымен басқарылады.

Арнайы ескерту: Егер сіздің жасыңыз 13-ке толмаған болса

Біздің сайтымыз 13 жасқа дейінгі балаларға бағытталмаған және біз саналы түрде 13 жасқа толмаған қандай да бір баланың жеке мәліметтерін жинау, пайдалану, беру, өңдеу немесе басқа да түрдегі әрекеттерді жасамаймыз.

Осы себепті біз сізден, егер сіздің жасыңыз 13-ке толмаған болса, бізге жеке мәліметтеріңізді (мысалы, аты-жөніңізді, мекен-жайыңызды және электрондық поштаңызды) жібермеуіңізді сұраймыз.

Егер сіздің жасыңыз 13-ке толмаған болса, бірақ соған қарамастан жеке ақпаратыңызды талап ететін сайтты пайдаланғыңыз немесе сұрақ қойғыңыз келсе, оны ата-аналарыңыздың немесе қараушыңыздың сіздің атыңыздан орындауын сұраңыз.

Жеке мәліметтерді жинаудың мақсаты

Біздің сайтымыздың мақсаттарының бірі – біздің кім екеніміз бен не істейтініміз жайында мағлұмат беру. Біз жеке тұлғаның ақпараттарын (соның ішінде аты-жөнін, мекен-жайын, байланыс телефонын және электрондық поштасын), қажетті қызмет көрсетумен немесе ақпаратпен қамтамасыз етуді жақсарту үшін жинаймыз және пайдаланамыз.

Соған сәйкес біз сіздің жеке ақпараттарыңызды келесі мақсаттарға пайдаланамыз:

• сіз қалдырған сұрақтар мен өтініштерге жауап беру
• сіз қалдырған тапсырыстарды немесе сұраныстарды өңдеу
• сіздің бізбен жасаған кез келген келісімге байланысты біздің міндеттемелерімізді басқару немесе басқа да орындаулар
• сізге жеткізілетін кез келген тауарларға немесе қызметтерге байланысты проблемаларды шешу және алдын алу
• сіздің сұраныстарыңызды қанағаттандыратын өнімдерді немесе қызметтерді жасап шығару.

Қызметтеріміздің тиімділігін арттыру мақсатында, біз сіздің жеке мәліметтеріңізді тікелей маркетинг үшін пайдалануды қажет етуіміз мүмкін. Біз сіздің құпиялылығыңызды сыйлағандықтан, осы мақсатта жеке мәліметтеріңізді сіз ол туралы хабардар болған уақытта ғана пайдаланамыз.

Сондай-ақ қажет болған жағдайда тікелей маркетинг үшін жеке мәліметтеріңізді пайдаланар алдында сіздің келісіміңізді сұрайтын боламыз.

Сонымен қатар егер сіз кез келген уақытта жоғарыдағы мақсаттардың біріне немесе барлығына жеке мәліметтеріңізді пайдалануды тоқтатқыңыз келсе, төменде берілгенге сәйкес бізбен байланысыңыз. Біз сіздің жеке ақпараттарыңызды ол мақсаттарға пайдалануды мүмкіндігінше неғұрлым тезірек тоқтатамыз.

Сонымен қатар жинақталған жеке мәліметтер (кейде), біздің сайт арқылы сізге ұсынылған қызметтердің бөлігі ретінде Еуропалық Экономикалық Аймақта (ЕЭА) орналаспауы мүмкін, таңдалған үшінші тарапқа беріледі.

Мысалы, мұндай жағдайлар, егер біздің серверлеріміздің немесе қызметтерді жеткізушілердің кез келгені кей уақытта ЕЭА тыс елдерде орналасқанда туындауы мүмкін.

Үшінші тараптар сіздің жеке мәліметтеріңізді, біздің келісімдерімізден басқа қандай да бір мақсатқа пайдаланбайды. «Shell» компаниясы осы үшінші тараптардан сіздің жеке мәліметтеріңізді қорғау мақсатында, сәйкес қорғау деңгейін қамтамасыз етуге өтініш жасайды.

Біз сіздің жеке мәліметтеріңізді сыйлаймыз және соған байланысты, егер жеке ақпараттарыңызды EEA тыс мемлекеттерге берген жағдайда, құпиялылық құқықтарыңыздың қорғалуының жалғасуын қамтамасыз ететін шаралар қолданамыз.

Сонымен қатар, егер сіз біздің қызметтерімізді EEA тыс елдерде болғанда пайдалансаңыз, сол қызметті қамтамасыз ету үшін, сіздің ақпараттарыңыз EEA тыс елдерге берілуі мүмкін.

Біз заңды түрде құқылы болғанға дейін немесе солай жасауға міндеттелген жағдайға (мысалы, бұл мәліметтер сот процестеріне, сондай-ақ алаяқтықты немесе басқа да заң бұзушылықтарды жою мақсатында қажет етілсе) дейін осы құпиялылық саясатында көрсетілгеннен басқа жағдайларда, сіздің рұқсатыңызсыз жеке басыңызға қатысты ақпараттарды жарияламаймыз.

Сонымен қатар, жеке ақпараттарды, біз өзіміздің және пайдаланушылардың/клиенттердің немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, мүліктері мен жеке қауіпсіздігін қорғау және/немесе қолдау үшін қажет деп танылған жағдайда жариялаймыз.

Ақпараттарыңызды берген кезде немесе одан кейінгі уақыттарда жеке мәліметтеріңізді біз аталған мақсаттарға пайдаланудан бас тартатыныңызды көрсеткен болсаңыз, біз сіздің ақпараттарыңызды пайдаланбайтынымызға сенімді болуыңызға болады.

Жеке тұлға туралы емес мәліметтерді жинау

Біз автоматты түрде сіз қолданатын веб-шолғыш типтері немесе басқа сайттан біздің сайтқа кіргеніңіз туралы жеке басыңызға қатысты емес ақпараттарды жинауымыз мүмкін. Біз сондай-ақ сайтта көрсеткен деректерді (мысалы, жасыңызды және тұрып жатқан қалаңызды) жинауымыз мүмкін.

Бұл ақпараттар арқылы сіздің кім екеніңіз танылмайды, олар тек бізге осы сайттың тиімді қызмет көрсетуін жетілдіру үшін қажет. Біз кей уақытта сайттармен байланысу үшін, үшінші тарапты осы жеке емес ақпараттармен немесе жинақталған деректермен қамтамасыз етуіміз мүмкін.

Сізбен біздің арамыздағы өзара әрекет

Біз клиенттеріміздің және сайтқа кірушілердің пікірлерін және кері байланыстарын бағалаймыз, соған байланысты біз хабарландыру тақтасын, жаңалықтар топтамасын, кері байланыс, электрондық пошта, форум мүмкіндіктерін және/немесе интернет арқылы сөйлесу бөлмелерін орнаттық.

Егер кез келген уақытта осы сайт кез келген сөйлесу бөлмелерін, хабарландыру тақтасының қызметтерін, хабарлама топтамаларын және т.б. ұсынса, біз сіз жариялаған жеке ақпараттарыңызды жинауымыз мүмкін.

Ондай ақпараттар осы құпиялылық саясатқа сәйкес қолданылады. Бірақ біз сіздің осы сайт арқылы басқа тарапқа берген жеке мәліметтеріңіздің пайдаланылуын басқара алмауымыз және жауап бермеуіміз мүмкін. Осы жолда қандай жеке мәліметтеріңізді жариялауыңызға байланысты абай болуға кеңес береміз.

Жазбаларды сақтаудағы ұқыптылық

Біз сіз туралы ақпараттарды мүмкіндігінше ұқыпты сақтауға ұмтыламыз. Егер сіз бізге берген жеке мәліметтеріңізді қарап шыққыңыз, өзгерткіңіз немесе кейбір деректерін жойғыңыз келсе, төменде берілгенге сәйкес бізбен байланысыңыз.

Жеке мәліметтеріңіздің қауіпсіздігі

Біз сіздің жеке мәліметтеріңізді бағалайтындықтан, сәйкес қауіпсіздік дәрежесін қамтамасыз етеміз.

Сол себепті, біз сіздің құпиялылығыңызды рұқсат етілмеген кірулер мен лайықсыз пайдаланудан қорғауға бағытталған технологиялар мен іс-шараларды қолданамыз және бұл шаралар мүмкін болғанда жаңа технологиялармен сәйкесінше жаңартылып отырады.

Жеке мәліметтеріңіздің басқа сайттарда пайдаланылуы

іздің сайттарда басқа сайттарға сілтемелер немесе сіз біздің сайтқа басқа сайттың сілтемесімен кіруіңіз мүмкін. Өзіңіз болжағандай, біз мұндай жағдайда ол сайттардың құпиялылық саясаттарына және іс-әрекеттеріне жауап бере алмаймыз.

Ондай мазмұндар, солардың пайдалану шарттары мен қандай да бір ережелеріне бағынады және құпия ақпараттар олардың сайттарында қолданылатын ережелерге байланысты беріледі.

Біз сіздерге өздеріңіздің құқықтарыңыз бен міндеттемелеріңізді дұрыс түсіну үшін, әсіресе кез келген типтегі мазмұнды үшінші тараптың сайтында көрсетер алдында, кірген әр сайттың саясатын тексеруге кеңес береміз.

Егер сізде қандай да бір проблемалар немесе сұрақтар туындаса, сол сайттың иесімен немесе операторымен байланысыңыз.

Cookie файлдарының саясаты

Біз “cookies” терминін cookie файлдарына және басқа да ЕО электрондық байланыстардағы жеке мәліметтердің қорғалуы директивасына бағынатын сол сияқты технологияларды меңзегенде қолданамыз.

•  Сookie файлдары деген не?

Cookie файлдары – бұл сіздің компьютеріңізде немесе құрылғыңызда шолғышыңыздың орнататын кішкене деректер файлдары. Cookie файлдары шолғышыңызға сайттарды шарлауға көмектеседі және сookie файлдары сіздің компьютеріңізде немесе файлдарыңызда сақталған қандай да бір ақпараттарды жинамайды.

Сервер сookie файлдарын оқу үшін веб шолғышты пайдаланған кезде, олар пайдаланушы үшін сайттың неғұрлым ыңғайлы қызмет көрсетуіне көмектеседі. Сіздің құпиялылығыңызды қорғау үшін, шолғышыңыз сізге жіберілген, сookie файлдарына сайттың рұқсатын ғана береді.

• Неге біз сookie файлдарын пайдаланамыз?

Біз сookie файлдарын, біздің мазмұнмен өзара әрекет жасау жолыңыз жайында көбірек білу үшін және біздің сайттарға кіру кезіндегі тәжірибеңізді жетілдіру үшін пайдаланамыз.

Сookie файлдары сіз қолданатын шолғыш түрін және сіз орнатқан қосымша бағдарламалық шолғышты есіне сақтап қалады. Олар, сондай-ақ сайтқа қайта кірген кезде, әдепкі параметрлер ретінде тұратын сіздің тіл және аймақ сияқты қалауларыңызды да сақтап қалады.

Сонымен қатар, сookie файлдары сізге беттерді қарауға және түсініктеме пішіндерін толтыруға мүмкіндік береді.


Біз пайдаланатын сookie файлдарының кейбіреулері сеанстық сookie файлдары және олар сіз шолғышыңызды жапқан кезде жойылады. Басқалары тұрақты сookie файлдары сіздің компьютеріңізде ұзақ уақытқа сақталады. Ары қарайғы біз қолданатын сookie файлдарының типтерімен толығырақ танысу үшін мына жерді басыңыз.

• Үшінші тарап сookie файлдарын қалай пайдаланады?

Біз сайттарымызда кейбір функциялар үшін, мысалы, сіз YouTube сайтынан алынған немесе оған сілтеме жасалған бейнесі бар бетке кірген кезде, үшінші тараптың жеткізушілерін пайдаланамыз.

Бұл бейнелер немесе сілтемелерде (үшінші тараптың жеткізушілерінен келген қандай да бір мазмұн) үшінші тараптың сookie файлдары болуы мүмкін және сіз осы үшінші тарап сайттарының сookie файлдарын пайдалануға байланысты ақпараттарын алу үшін, құпиялылық саясаттарымен кеңесуді қалауыңыз мүмкін. Біз пайдаланатын үшінші тараптың сookie файлдары жөнінде толық ақпарат алу үшін, мына жерді басыңыз.

• Cookie файлдарынан қалай бас тартуға және оны жоюға болады?

Біз сookie файлдарын сіз туралы жеке басыңызды анықтайтын ақпараттарды жинау үшін пайдаланбаймыз. Дегенмен, сіз солай болғанын қаласаңыз, «Shell» сайттарының бірінен немесе кез-келген үшінші тараптың орнатылған сookie файлдарынан, өзіңіздегі шолғыш параметрлерін өзгерту арқылы бас тартуға немесе тыйым салуға болады.

Толығырақ ақпарат алу үшін өз шолғышыңыздың «Анықтама» функциясын қараңыз. Көпшілік шолғыштардың сookie файлдарына автоматты түрде рұқсат беретінін ескеріңіз, сондықтан егер сіз сookie файлдары қолданылмауын қаласаңыз, оларды белсенді түрде жоюға немесе тыйым салуға мүмкіндігіңіз бар.

Сондай-ақ сookie файлдарынан қалай бас тартуға немесе жоюға болатыны жайлы және жалпы сookie файлдары жөнінде толық ақпарат алу үшін, www.allaboutcookies.org сайтына кіруіңізге болады. Сookie файлдарын ұялы телефон шолғышында қалай қолдануға және ондай файлдардан қалай бас тартуға немесе жоюға болатыны жөнінде егжей-тегжейлі ақпарат алу үшін, телефон құрылғысының нұсқаулығын қараңыз.

Сіз сookie файлдарын қолданудан бас тартқан күннің өзінде де, біздің сайттарға кіруіңізге болады. Тек сайттың кейбір функциялары дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін болатынын ескеріңіз.

Саясаттағы өзгертулер

Кей уақытта біз бұл құпиялылық саясатына өзгерістер енгізіп тұруымыз мүмкін.

Егер біз осы саясатқа қандай да бір маңызды өзгертулер енгізетін болсақ, біз ол өзгерістерді осы бетте жариялаймыз және сіз оны байқауыңызға барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Біздің құпиялылық саясатымызды уақтылы тексеріп отырыңыз.

Бізбен байланысу

Егер сіз біздің құпиялылық саясатымызға қатысты Shell.com сайтымен байланысқыңыз келсе, «Shell» веб-шеберімен байланысу үшін мына пішімді пайдаланыңыз.