Main content | наверх
«Шелл» бүгінгі күні
«Шелл» - әлемнің 90-нан астам елдерінде жұмыс істейтін энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіретін халықаралық концерн. Біздің мақсат – қоғамның бүгінгі күні және келешектегі экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерін ескеріп оның қажеттіктерін қанағаттандыру.
«Шелл» Қазақстанда
«Шелл» инвестициялары бүгінгі таңда бірнеше миллиард АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның ірі инвесторларының бірі болып табылады.
Қазақстан мен Каспий аумағы «Шелл» үшін дамып келе жатқан және іскерлік белсенділік ауқымы бар стратегиялық маңызды аумақ болып табылады.
Қазақстанда компанияның түйінді жобасы «Шелл» үлесі 16,81 пайызды құрайтын Солтүстік Каспий Өнімді бөлісу туралы келісім жобасы болып табылады. Каспий теңізінің негізгі Кен орны – Қашаған Кен орнының әлеуеті 35 млрд. мұнай баррелімен бағаланады, оны әлемдегі ең ірі кен орнының бірі етеді.
Қазақстан Үкіметі мен консорциум қатысушылары арасындағы келісімге қол қойылғаннан кейін 2008 жылы 31 қазанда қазіргі уақытта Аджип ККО жоба операторымен атқарылатын функцияларды өзіне алған «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) құрылды. Нәтижесінде, Солтүстік Каспий жобасындағы «Шелл» рөлі айтарлықтай өсіп келеді. Концерн 2-Кезең шеңберінде алдын-ала ескерілген кен орнының өңдеу мен пайдалануына жауап береді.
1-Кезең шеңберінде өндірудің басталуы 2012 жылдың соңына көзделген. Газды қайта айдауды есепке алғанда 1-Кезеңде ( 1 және 2 Кезектер) барынша тұрақты мұнай өндіру деңгейі тәулігіне 300 мың баррель мұнайды құрайды, ал келер уақытта 2-Кезең басына жоспарланған газды қайта айдаудың қосымша қуаттылықтарын іске қосқаннан кейін тәулігіне 450 мың баррель мұнайға дейін артады.
Келесі онжылдық соңында барынша тұрақты мұнай өндіру деңгейі Қашаған кен орнының толық ауқымды игеру кезеңінде тәулігіне 1,5 млн баррель мұнайға жетеді.
«Жемчужина» жобасының операторы КМОК бірлескен операциялық компаниясы болып табылады, онда «Шелл»-дің қатысу үлесі 55%-ды құрайды. Жоба бойынша серіктестері - КМТ мен Оман Ойл. 2008 жылдың соңында Ауэзов-1 барлау ұңғымасының сәтті сынағы аяқталғаннан соң «Каспий Меруерты Оперейтинг Компани Б.В.» (КМОК) «Жемчужина» шартты аумағы шеңберінде мұнайдың екінші табылуын растады. Caspi Meruerty Operating Company B.V.
Жемчужина аумағында үшінші ұңғыманың бұрғылауын бастады.
Жобалық тереңдігі 2075 метрді құрайтын «Хазар-2» ұңғыма құрылысының мерзімі 110 күн болады деп күтілуде. Ол барлау жұмыстары бағдарламасының шеңберінде «Астра» жылжымалы көтермелі жүзгіш бұрғылау қондырғысын (КЖБҚ) қолданумен бұрғыланады.
Жасалынған келісім-шарттар көлемі бойынша қазіргі уақытта жоба шеңберінде жергілікті құрам үлесі 70% -ды құрайды. КМОК қызметкерлер құрамының 95%-ы - қазақстандық қызметкерлер.
«Шелл» концерні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясымен және «Оман Перлз Компани Лтд.» компаниясымен бірге Каспий теңізінің қазақстандық секторында Қазақстан Республикасы қол қойған ӨББ шегінде «Жемчужины» блогында жұмыс істейді. «Жемчужины» телімі 2001 жылы ашылған «Қаламқас» мұнай-газ кен орнынан жағалаудан шамамен 50 км қашықтықта оңтүстікке қарай Каспий теңізінің Солтүстік бөлігінде 895 кв. км алаңды алады.
Өнімді бөлісу туралы келісім шеңберінде жүргізілетін іздестіру – бағлау жұмыстарының бағдарламасы екі барлау ұңғымасын, сондай-ақ ілеспе іздестірулер мен зерттеулер жүргізілуін қарастырады.
«Арман» блогында Кен орнын әзірлеу бойынша бірлескен кәсіпорында «Шелл» «ЛукОйл» компаниясымен бірдей үлесте акциялардың 50%-ына ие.
2003 жылы ақпан айында Керр-МакГиден Арман бірлескен кәсіпорнында (БК) 50% қатысу үлесін алды.
Кен орнының тәуліктік дебиті шамамен 2,9 мың баррельға тең.
Қазіргі уақытта «Арман» БК қызметкерлер құрамында 97 адам бар, оның ішінде 94-і қазақстандық мамандар.
Соңғы 10 жылдың ішінде бірлескен кәсіпорында дамытуға 250 млн АҚШ долларынан астам инвестициялар жұмсалып, нәтижесінде 2 миллион тоннадан артық мұнай өндірілді. «Арман» бірлескен кәсіпорны Республика өңірінің экономикасына, қоршаған ортаны қорғау және биоресурстарды сақтау саласына елеулі үлке қосты.
«Шелл» Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы университетті және Алматы қаласында Қазақстан-Британ Техникалық университетін қоса қазақстандық жоғары оқу орындарының үздік студленттеріне қаржылау көмек берілуіне білім грантын белгіледі.
«Шелл» Теңіз кен орнынан Новороссийсктағы портқа дейінгі ұзындығы 1510 шақырым тұрбажолын жобалау, қаржыландыру, салу және пайдалану үшін 1992 жылы құрылған Каспий Тұрбажолы Консорциумына мүше болып отыр.
2001 жылы қазан айында Новороссийсктен солтүстікке қарай жаңа терминалмен алғашқы мұнай жөнелтілді. Жүйенің жылдық бастапқы өткiзу қабiлетiн 28 млн тонна мұнайдан 67 млн тоннаға дейін біртіндеп арттыру көзделген.
Мұнайжолын пайдалану және салу барысы ең қатаң стандарттарға сай. Қоршаған ортаны қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге КТК мұнайжолы жүйесі құрылысының жалпы сомасынан 12% бөлді. Мұнай саласының сарапшыларының бағалауына қарағанда, КТК жүйесі –техникалық тұрғыдан қарағанда әлемдегі ең жетік әрі қауіпсіз жүйелердің бірі.
Инвестиция көлемі: 3 000 млн АҚШ доллар, ( «Роснефть» ҰК-мен бірлескен кәсіпорын шеңберінде 3,7 % және тікелей қатысудан 1,75 %- ды қосқанда) тәулігіне 60,000 баррель мұнай тасымалдау құқығымен КТК-да «Шелл»-дің жалпы үлесі 5,5% -ға КТК-ның өткізу қабілетін арттырғаннан кейін «Шелл»-дің тәулігіне 120,000 баррель мұнай өндіру мүмкіндігі болады.
Каспий құбыржолының консорциумы (КТК) жобасында «Шелл» қазіргі кездегі үлесі 5,5 пайзды құрайды. Жоба Батыс Қазақстанда игерілген сұйық көмірсутектерін тасымалдау үшін құбыржолы жүйесін жобалау, қаржыландыру, салу және басқару үшін құрылған.
«Шелл» мұнай өңдейтін заводтарға, жағар майлар өндіру заводына ие және басқарады, сондай-ақ әлемнің 120 еліне ЖЖМ сатумен айналысады. Бұл өнімдер жабдықтар мен автомобильдер өндірушілердің көпшілік лидерлерімен мақұлданған және «Шелл» Ферраридің Формула 1 Командасының белсенгді серіктестігі болып табылады.
«Шелл», Қазақстанда басты инвесторлардың бірі бола отырып өз технологиялық және кәсіби тәжірибесін ел мүмкіндіктерін барынша дамытуға, еңбек пен өндірістік ресурстардың жергілікті нарығын дамытуға үлес қосуға ұмтылады.
Көптеген жылдар бойына «Шелл» қоршаған ортаны қорғау, денсаулық және білім беруге ерекше көңіл бөліп Қазақстанның әлеуметтік саласының дамуына өз үлесін қосып келеді.
Shell Lubricants – Шелл жағармайлары
Shell Markets (Таяу Шығыс) құрылымды бөлімшесі өз бизнесін Қазақстанда 1995 жылдан бастап дамытып келеді, және өткен мерзім ішінде моторлы майлар мен жағармайлар нарығын дамытуда таңқаларлық жетістікке жетті. Shell Helix пен Shell Rimula – аса танымал брэндтар.
«Шелл» осы бизнес саласын жергілікті қызметкерлер құрамының қатысуымен 8 қазақстандық дистрибьюторлық компаниялармен бірігіп елімізде 14 000-нан астам тонна көлемінде сатуды дамытуда.
Әлеуметтік инвестициялар
«Шелл» -дің әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде студенттерге «KazEnergy» қауымдастығының білім беру бағдарламасы мен Шелл қоры шеңберінде стипендия, ҚБТУ энергетика және мұнайгаз өнеркәсіп факультеті магистратурасында оқуға демеушілік көмек береді, Қазақстан өнер қайраткерлерінің шығармашылығына қолдау көрсетеді.
«Жемчужина» жобасының желісі бойынша, «Шелл» Маңғыстау облысында балалар бақшасының құрылысын қаржыландыруға қатысты; алыс ауылды жерлерді газбен қамтамасыз ету үшін газ жолы құрылысын бірлескен қаржыландыруды жүзеге асырды.
Компания Маңғыстау облысында халықты ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы Жобасына қатысады.
Солтүстік Каспий бойынша Өнімді Бөлу туралы Келісім (ӨБТК) («Шелл»-дің үлестік қатысуы – 16,81%) денсаулық сақтау, білім, мәдениет және спорт мекемелері, тұрғын-үй кешендері нысандарын салу бойынша жобалар, сондай-ақ Атырау және Маңғыстау облыстарында тұрғын-үй нысандарын салу және газификациялау жобалары жүзеге асырылды.
Шелл әлемде

«Шелл» – штаб-пәтері Гаагада, Нидерланды орналасқан энергетикалық және мұнай-химия компанияларын біріктіретін халықаралық концерн. Петер Возер «Шелл» концернінің басты атқарушы директоры болып табылады. Royal Dutch Shell plc концерннің аналық компаниясы болып табылады Англия мен Уэльсте тіркелген.
Концерн стратегиясы акционерлердің мүдделерін, сондай-ақ жауапты тәсілді қолданып қоғамның энергетикалық қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында мұнай-газ саласындағы «Шелл» алдыңғы орнын нығайтуға бағытталған.
«Шелл» көмірсутектерін игеру саласында мұнай мен газдың жаңа қорларын барлаумен, сондай-ақ концерннің капиталдануын арттыратын меншікті технологиялар мен «ноу-хау» пайдаланып ірі жобаларды әзірлеумен айналысады.
Өнімді қайта өңдеу мен өткізу саласында «Шелл» бар активтерден табыс алу, сондай-ақ перспективалы дамушы рыноктарға инвестициялар салу саясатын жалғастырып келеді.
Концерннің негізгі құндылықтары - әділдік, ашықтық және адамдарға деген құрмет «Шелл» қызметінің жалпы қағидаттарының негізі болып табылады.
«Шелл» әлемде – санда:
• Әлемнің 90-нан астам елдерінде жұмыс істейді
• Қызметкерлердің жалпы саны ~ 93 000 адам
• Мұнайдың әлемдегі қорынан 2% -ын игереді
• Газдың әлемдегі қорынан 3%-ын игереді
• Тәулігіне мұнай мен газдың 3,3 млн баррелін игереді
• Бір атау астында жұмыс істейтін 43 000 авто жағар май құю стансасына ие
• 145 млрд литр отын сатады
• 30-тен астам мұнай өңдейтін және химия заводтарына ие (2010 жылға деректер)Біздің бизнес
Мұнай мен газ игеру саласында «Шелл» мұнай мен табиғи газды барлау және игерумен айналысады.
Өнімді қайта өңдеу мен өткізу саласында «Шелл» көмірсутектері мен мұнай өнімдерін қайта өңдеуді, маркетинг, саудасы мен тасымалдауын, сондай-ақ өнеркәсіптік тұтынушылар үшін химия өндірісін жүзеге асырады.
2010 жылдың қаржы көрсеткіштері.
Соңғы тоқсан бойынша нақты қаржы есебін «Инвестициялар орталығы» сайтында көруге болады - жаңа терезеде ашылады• Айналым: 368,1 млрд доллар
• Таза табыс: 20,5 млрд. доллар
• Күрделі инвестициялар: 30,6 млрд доллар
• Зерттеу мен әзірлеуге инвестициялар: 1 млрд доллардан астам.Тұрақты даму – фактілер
• Соңғы бес жыл ішінде «Шелл» СО2 тұту мен жаңартылатын энергия көздерін пайдалану технологиясына 2,1 млрд доллардан астам қаражат бөлді.
• 2010 жылы «Шелл» жергілікті компаниялармен бірлесіп табыс деңгейі төмен және орташа елдерге 13 млрд доллар қаражат бөлді.
• 2010 жылы әлеуметтік инвестициялық бағдарламаларға 121 млн доллар жұмсалды.Біздің құндылықтар
Біздік Кодекстер
Біздер бүкіл елде ұстанатын тиімділік пен этиканың жоғары стандарттарын белгілейміз.
«Шелл» концернінің бизнес жүргізудегі жалпы қағидаттары, қалып кодексі мен іскерлік этика кодексі барлық қызметкерлерге адамдарға қатысты әділдік, бүтіндік пен құрметке қатысты біздің қағидаттарымызға сәйкес шешім қабылдау мен әрекет етуге және барлық заңнамалық, нормативтік талаптарды орындауға көмек береді.
«Шелл» кодекстері туралы ақпарат
Біздің қызметкерлер
Бізде 90-нан астам ел мен өңірлерде шамамен 93 000 адам жұмыс істейді. Біздің адамдар – біздің стратегиямызды іске асыруға арналған басты күшіміз және біздер оларды жұмысты жоспарлау мен басқару кезінде қатыстырып отырамыз. Біздерде жұмыс үшін жағдай жасалған, айырмашылықты бағалаймыз және кемшіліктер туралы хабарлау мүмкіндігін береміз.
Біздің қызмет
Біздің қызмет әлем бойына әлі де қалыптасып келеді. Барлау мен Игеру мен Газ және Энергетика атты өндірістік бағыттар Upstream Americas және Upstream International қайта құрылатын болады. Битумды құмдарды игеру бойынша бағыттар Upstream Americas бағытының бөлігі болады. Мұнай өнімдері мен Мұнай химиясы Downstream бағытында қалады.
Біздің бизнес- құрылымымыз туралы білгіңіз келсе
Біздің ірі жобалар туралы ұжымдық веб-сайтта танысыңыз - жаңа терезеде ашыладыБіздің тарих
Маркус Самуэль
«Шелл Транспорт энд Трейдинг» тасымалдау – коммерциялық компания негізін құраушы - Маркус Самуэль. Біздер Лондон қаласында 200 жыл бұрын көне заттар мен теңіз бақалшақтарын сататын шағын дүкен түрінде қызметімізді бастадық, бүгінгі күні біз - әлемдегі ең ірі энергетикалық концерндердің біріміз.
Сары – қызыл түсті теңіз бақалшағы 100 жылдан астам уақыт бойына «Шелл» логотипі болып табылады және концерн имиджін алға жылжытуға көмектесіп келеді.
Бұл біздің өнім мен қызметтеріміздің жоғары сапасының белгісі ғана емес; ол бүкіл әлемде барлық мүдделі тараптармен өзара әрекет етудің бағыттары мен оларды дамыту бойынша қызмет негізі салынған кәсібилік пен құндылықтардың нақты көрінісі ретінде қызмет етеді.
«Шелл» тарихы туралы толық ақпарат
- жаңа терезеде ашылады«Шелл» логотипінің тарихы туралы толық ақпарат - жаңа терезеде ашылады

